Медицина

Қарағанды облысында балаларды күйіктен емдеу үшін фибробласттар қолданылады

Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында күйіктерді емдеуде тері аллотрансплантациясы қолданылады. Фибробласттарды қолдану зақымдалған терінің қалпына келу процесін тездетеді және кішкентай науқастардың қалпына келу уақытын қысқартады.

Тері аллотрансплантациясы әдісі ОБКА хирургия бөлімінде күйік шалған екі жас пациентте сыналды. Дәрігерлердің айтуынша, фибробласттарды қолдану арқылы ауруханада жату мерзімі екі есеге қысқарды.

– Жарақаттың ең көп таралған түрлерінің бірі – тұрмыстық күйік шалу. Термиялық және химиялық. Көбінесе олар біздің бөлімге термиялық күйіктермен келеді. Балалар бізге терең күйікпен келген кезде әрқашан дәстүрлі емдеу әдісін аутодермопластиканы қолданатынбыз, – деді ОБКА хирургиялық бөлімінің меңгерушісі Ехлас Ақмолдаев.

– Жаңа әдістің мәні өз терісін трансплантациялау операцияларының орнына фибробласттарды қолдануда. Бұл күйік бетіне қолданылатын жасушалық композиция, оны қолданған соң жаралар тез жазылады. Ауруханада жату уақыты 7–10 күнге қысқарады, пациенттер тез емделіп шығады.

Фибробласттар Астанадағы зертханада шығарылады және Қарағандыға арнайы контейнерлермен жеткізіледі. Хирургия бөлімінде олар -86 градус температурада тоңазытқыш камераларда сақталады. Қолданар алдында ғана алынады.

– Операция алдында біз бұл субстанцияны сұйылтып, спрей түрінде қолданамыз. Ол зақымдалған аймаққа қолданылады және жасушалардың жаңаруын ынталандырады, зақымдануды емдеуге қатысады. Жыл басынан бері теріні аллотрансплантациялау әдісін біз екі пациентті емдеу үшін қолдандық, – деп толықтырды Ехлас Ақмолдаев. – Сәбилердің бірі бізде 12 күн болды, ол бір жарым жаста, терінің 20 пайызын термиялық күйікпен келіп түсті. Оң динамикамен жазылды.

Өткен жылы ОБКА хирургия бөліміне күйік шалған 400-ге жуық бала түсті. Көбінесе бұл бір жастан бес жасқа дейінгі балалар. Дәрігерлер ата-аналарға мұқият болуды және бүлдіршіндерді қараусыз қалдырмауды сұрайды. Егер бала термиялық күйік алса, алдымен жараны ағынды сумен жуып, медицина қызметкерлеріне жүгіну қажет.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button