Қарағанды облысында балаларды ерте қолдау қызметтері ашылды
Қарағанды облысының екі қаласында пилоттық режимде дамуында бұзылу қаупі немесе даму ерекшеліктері бар балалардың отбасыларын ерте қолдау қызметтері ашылды. Ерте қолдау қызметінің мамандарына 0-3 жас аралығындағы балалары бар отбасылар жазыла алады, ал жобаның басты мақсаты – ата-аналарды оқытуға бағытталған.
Ерте қолдау қызметтері психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің базасында ашылды.
– Біз туғаннан 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға кеңес беру және оқыту түрінде тегін көмек көрсетеміз. Ерте қолдау қызметтеріне отбасылар маманның жолдамасы бойынша жүгіне алады, алайда баланың дамуына қатысты қандайда бір мазалайтын сұрақтары болса, ата-аналар алдын-ала қызметіміздің мамандарынан кеңес алуларына болады, – дейді Қарағанды психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жетекшісі Шолпан Никомбаева.
Айта кетейік, ерте қолдау қызметі ҚР Білім министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі, «Дара» қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен ашылды. Компания қолдауымен қызмет қажетті жабдықтармен, дамытушы ойын материалдарымен жабдықталған.
– Қазір қызмет жұмысын тиімді құру үшін біздің қызметкерлер ерте араласу институты мамандарының қатысуымен ҚР ПМ Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өткізетін 6 айлық «Ерте көмек көрсету маманы» бағдарламасы бойынша оқытудан өтуде, – деп Шахтинск қаласының №1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің жетекшісі Наталья Филипенко атам өтті.
Ата-аналар ерте қолдау қызметіне нәресте құрдастарына қарағанда моториканы баяу игерсе, сөйлеу қабілетінің дамуы артта қалса, агрессияны көрсетсе немесе үнемі жыласа, оның ұйқысы мен тәбеті бұзылған болса, және ата-анасын баласының дамуында бірдеңе алаңдатса және олар баласының даму ерекшеліктерін жақсы түсінгісі келген жағдайда жүгіне алады.
Жаңа ерте қолдау қызметінің мамандары ата-аналарға баласын өмірінің алғашқы сәттерінен функционалды дамытуға үйрету арқылы отбасыларға көмектеседі. Мамандар қай салада қиындықтар туындағанына байланысты олар үшін қызметтерді таңдайды. Бұл әлемді, қоршаған ортаны тану, қарым-қатынас жасау, еңбектеу немесе жүру, балаға өзін-өзі күту дағдыларын үйрету: тамақтану, қол жуу және басқа да сол сияқты дағдылар болуы мүмкін.
Жобаны сонымен қатар ҚР Білім министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігі де қолдады. Бұған дейін балаларды ерте қолдау қызметі Өскемен, Атырау, Павлодар, Екібастұз және Тараз қалаларында ашылған болатын. Барлығы жоба аясында Қазақстанның 12 өңірінде осындай 17 қызмет жұмыс істейтін болады.
Ерте жастан қолдау – балаларды қолдау жүйесіндегі жаңа бағыт, мақсаты – баланың дамуында ауытқулар қалыптасу қаупін азайту. Сонымен қатар, кез-келген отбасы, егер ата-аналарды баланың дамуы алаңдатса, ерте қолдау қызметі мамандарының көмегіне жүгіне алады. Ерте қолдау қызметінің мамандары әр балаға назар аударады және жағдайды түсінуге көмектеседі.
Ерте қолдау қызметтері отбасыларды келесі мекен-жайлар бойынша қабылдайтын болады:
- Қарағанды қаласы, Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, Аманжолов көшесі, 92;
- Шахтинск қаласы, № 1 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, Молодежная көшесі, 51Б (№7 орта мектеп ғимаратында).