Білім

Қарағанды облысында балабақшаға жолдама беру жүйесі өзгереді

Қазір аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдарда 39 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Биыл бірнеше балабақша ашу және салу жоспарланып, балабақшаларға жолдама беру жүйесі өзгереді. Бұл туралы кеше, 17 қаңтарда өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова мәлімдеді.

– Биыл бұрынғы емхана ғимаратын қайта жаңғырту арқылы Бұқар жырау ауданы, Новоузенка ауылында 140 орындық жеке балабақша салу және Балқашта 280 орындық мемлекеттік балабақша ашу жоспарлануда. Приозерск қаласында да 320 орындық балабақша салынады. Пришахтинск қаласында 320 орындық типтік мемлекеттік балабақша салу мәселесі шешілуде, – деді білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңашылдық күтілуде. Биылғы жылы балаларды есепке алу, олардың басымдығы және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру Бірыңғай республикалық деректер базасына көшіріледі. Бұл дерекқордан кезекте тұрған жолдамалар ата-аналардың қатысуынсыз Білім министрлігі жүйесі арқылы автоматты түрде беріледі.

– Кезек әр балабақша бойынша жеке қалыптасады. Ата-аналар төрт балабақшаға дейін таңдай алады. Өткен жылы бұл жоба республикада алғаш рет Шахтинск қаласында сәтті сынақтан өтті, – деп атап өтті Гүлбақыт Жүнісова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button