Жаңалықтар

Қарағанды облысында бұлан атқан броконьер ұсталды

Қарағанды облысында бұлан атқан ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының инспекторларымен «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізді.

Іс-шара барысында ауылдардың біріне жетіп қалғанда жолдан 100 метр қашықтықта денесінде жарақаты бар бұланды тауып алған.

Сонымен қатар оқиға орнынан аңшы мылтығына келетін оқ-дәрінің гильзасы тәркіленіп, автокөлік дөңгелегінің іздері табылған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 52 жастағы ауыл тұрғыны анықталған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button