Бас тақырып
Қарағанды облысында аязға байланысты төтенше жағдай қаупі жоғарылады
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты облыс аумағында төтенше жағдайлар мен өрттердің туындау қаупі артып отыр. Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар департаменті барлық азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жылыту құрылғыларының техникалық жағдайына ерекше назар аударыңыздар: олардың қызып кетуіне, ақаулы жабдықты және тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға жол бермеңіздер. Балаларды және қосулы электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыздар, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер.
Пешпен жылыту кезінде мұржаларды уақтылы тазалап, пешті белгіленген нормадан артық қыздырмаңыздар.
Өрт немесе төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарласыңыздар.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



