Аймақ

Қарағанды облысында ауылда 92 нысан салынып, 2 ауданаралық көпбейінді аурухана қайта құрылады

Ауылда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Қарағанды облысында ауылда 92 нысан салынып, 2 ауданаралық көпбейінді аурухана қайта құрылады. Биыл 42 нысанның құрылысы жоспарланып, 14 нысанның құрылысы басталды.

 

– Теміртау мен Балқаш қалаларында 2 ауданаралық аурухана ашу жоспарланған. Ауданаралық ауруханаларды іске асыру үшін кадрларды тарту, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары жоспарланған, бұдан басқа ағымдағы жылы инсульт бөлімшесін, ЧКВ, хирургия, политравма және оңалту орталықтарын ашу үшін күрделі сипаттағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button