Аймақ
Қарағанды облысында ауыл тұрғынынан киіктің 5 мүйізі мен 5 дана тіркелмеген қару тәркіленді
Нұра ауданының полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын.
Шара барысында 34 жастағы ауыл тұрғынының малшысы тұратын үйін тексеру барысында полиция қызметкерлері киіктің 5 дана мүйізі табылды. Малшы мүйіздерді жайылымнан тауып алғанын айтты.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары малшы тұратын вагоннан тіркелмеген 5 қаруды тәркіледі. Алынған қаруларға сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz