Бас тақырыпКоронавирус
Қарағанды облысында аудан-қалалар арасындағы қозғалысқа рұқсат беріледі
12 мамырдан бастап, Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді. Оның айтуынша, аудан-қалалар арасындағы қозғалысқа рұқсат беріледі. Тек, Теміртау қаласында ғана шектеу шаралары сақталады.
«Қарағанды облысының шекарасындағы және Теміртау қаласындағы блок бекеттер жұмысын жалғастырады. Ал, басқа аудан-қалалар арасындағы блок бекеттер ертеңнен бастап алынып тасталады. Сәйкесінше, аудандар мен қалалар арасындағы қозғалысқа рұқсат беріледі», – деді Қанат Асқаров.