АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дауыл тұрмақ.

Қарағанды қаласы бойынша 24 қарашада күндіз көктайғақ, түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейген және көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және аса қажет болмаған жағдайда көшеге, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.

Ауа-райының өзгеруі, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін ТЖД ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалап отыруға шақырамыз.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button