Қарағанды облысында қала маңындағы маршруттарда 1 ақпаннан бастап ONAY! іске қосылады
1 ақпаннан бастап № 100, 107, 121, 122, 127, 146 және 165 маршруттарда электронды төлем жүйесі іске қосылады. Қарағандыдан Абай, Саран, Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск қалаларына сапар құны арзандайды. Кейбір бағыттар бойынша жолақы екі еседен астам төмендейді.
Тарифтер
ONAY! картасымен төлеген кездегі тариф электронды тәсілмен, сапар қашықтығына қарамастан, 80 теңгені құрайды. «7-15 жастағы балалар» картасы бойынша – 40 теңге.
«Зейнеткер» және «Әлеуметтік» карталарын ресімдеген қарағандылықтар үшін бірыңғай карталарға ресімделген жол жүру ақысы сияқты жеңілдіктер қала маңындағы маршруттарда қолданылмайды. Қала маңындағы маршруттарда жол жүру ақысы 80 теңге болады.
Қолма-қол ақшамен жол жүру құнын өтеу:
– №165 маршрутта Қарағанды – Саран – 95 теңге;
– №100, 107 Қарағанды – Теміртау – 150 теңге;
№ 146 Қарағанды – Абай – 170 теңге;
№ 127 Қарағанды – Шахан – 175 теңге;
№ 122 Қарағанды – Топар – 180 теңге;
№ 121 Қарағанды – Шахтинск – 190 теңге.
Автобуста жол ақысын төлеудің бірнеше жолы бар:
– ONAY! көлік картасы;
– ONAY! мобильді қосымшасының көмегімен – виртуалды карта, QR код, көлік коды;
– SMS;
– қолма-қол ақша.
Картаны қайдан сатып алуға болады
Бірыңғай картаны Қарағандыда да, серіктес қалаларда да «Сарыарқа Нан» павильондарында, «Южный» супермаркеттерінде, Қарағанды автовокзалының кассасында және жеке таратушылардан сатып алуға болады – мекенжайлар www.onay.kz сайтында көрсетілген және Компанияның Instagram парақшасында – @onay.karaganda.
Сондай-ақ, аталған маршруттардың автобус жүргізушілерінен карталарды сатып алу мүмкіндігі көзделетін болады.
«7-15 жастағы балалар» картасын ONAY! қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады. Мекен-жайы: Қарағанды, Коммунальная көшесі, 3. Орталық жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Картаны шығару 3–5 минутты алады.
Сондай ақ Қарағандыда жеңілдікті карталарды ресімдеу және беру нүктелерінде:
– Open Karaganda-Назарбаев даңғылы, 39 (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін);
– «Ұмай» СҮ – Карл Маркс көшесі, 9 (жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін);
– «Молодежный» МҮ – Металлистер көшесі, 24/2 (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін).
Бұл нүктелерде карта бес жұмыс күнінде ресімделеді.
Виртуалды карта
Виртуалды картаны ОNAY! мобильді қосымшасында тегін алуға болады.
Бұл картаның көмегімен QR және көлік коды бойынша жол ақысын төлеуге болады. Тариф 80 теңгені құрайды.
Виртуалды картаны қалай рәсімдеу, QR, көлік коды, SMS арқылы жол ақысын төлеу, мобильді қосымшаны қалай пайдалану керектігі туралы толығырақ автобустардағы жапсырмалардан, onay.kz сайтынан оқи аласыз және компанияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында:
– Instagram – @onay.karaganda;
– Facebook – @onay.karaganda;
– VK – ONAY! Қарағанды.
Билеттерді қайдан сатып алуға болады
Жол ақысын қолма-қол төлегісі келетіндер билеттерді автовокзал кассасынан және автобус жүргізушісінен сатып ала алады.
Жолаушыларға мобильді терминалда басып шығарылған қағаз билет берілуі керек. Билеттің алдыңғы жағында сапардың күні мен уақыты, маршрут нөмірі, көлік құралының мемлекеттік нөмірі, жол жүру құны көрсетілген. Артқы жағында – ONAY! логотипі.
Багажды қалай төлеуге болады
Қала маңындағы маршруттарда багажды тасымалдау тарифі – бір орын үшін 30 теңге. Багаж түбіртегін ресімдеу үшін автобус жүргізушісіне жүгіну қажет. Ол құжатты мобильді терминалда басып шығарады.
Жүйе іске қосылған соң № 100, 107, 121, 122, 127, 146 және 165 маршруттары ONAY! мобильді қосымшасына енгізіледі. Бұл олардың саны мен қозғалысын карта арқылы бақылауға болатындығын білдіреді.
Барлық қызықтыратын сұрақтарды call-орталық операторларына (8-7212) 50-60-50 нөмірі бойынша қоюға болады. Қоңыраулар күн сайын сағат 06:30-дан 23:00-ге дейін қабылданады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі