Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды облысында алғашқы Эндоскопиялық референс-орталық ашылды

Эндоскопиялық оқу-референс орталығы эндоскопист-дәрігерлерді тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдерінен даярлау және біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарағандыдағы №3 көпсалалы аурухананың базасындағы орталық заманауи Evis X1 эндоскопиялық жүйелерімен және жоғары технологиялы симуляторлармен жабдықталған.

Сурет А. Марченко

Қондырғылар оқу процесін халықаралық стандарттар бойынша өткізуге және диагностикадағы озық әдістерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Ерекше назар сапалы колоноскопия әдістеріне және ADR (Adenoma Detection Rate – аденоманы анықтау көрсеткіші) есебін жүргізуге аударылады. Бұл көрсеткіш колоректалды қатерлі ісікті ерте анықтау мен алдын алуға тікелей әсер етеді.

– Орталықтың оқу бағдарламаларына теориялық курстар мен тәжірибелік сабақтар кіреді. Практика заманауи технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, симуляторларда да, нақты клиникалық жағдайда да өткізіледі. Бұдан бөлек, біз дәрігерлерді науқасты процедураға моральдық та, физикалық та тұрғыда дайындауға үйретеміз. Бұл мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, диагностика сапасын және пациентке көрсетілетін көмекті айтарлықтай жақсартады, – деді Индира Хамитова.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button