Коронавирус

Қарағанды облысында 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

“Коронавирустан қайтыс болған азаматтың 3 туысынан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олар инфекциялық бөлімге жатқызылған. Сонымен қатар, карантиндік стационардағы 2 науқастан да коронавирус табылып, инфекциялық бөлімге орналастырылды. Бұдан бөлек, үй карантинінде жатқан 1 азаматтың індетке шалдыққаны белгілі болып отыр. Оны ауруханаға орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда эпидемиологиялық тексеру басталды. Үй карантинінде жатып індет жұқтырған азаматпен байланыста болғандар анықталуда. Қайтыс болған азамат 200-ден астам адаммен қарым-қатынаста болған. Бүгінде 54 азамат, яғни жақын туыстары карантиндік стационарларға жатқызылды. Сондай-ақ, 150 адам үй карантиніне алынды.

Басқа материалдар

Back to top button