Жаңалықтар

Қарағанды облысында 402 844 адам халық санағынан өтті

Қарағанды облысында 30 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 402 844 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 29 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 402 844 адам онлайн режимде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 29,3%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Ұлытау ауданы көшбасшы. Онда 48,2% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра ауданында (43,7%) және Приозер (40,5%) қаласында қамтамсыз етілген.

Ең төмен қамтылу Қарағанды және Каражал қалаларында белгіленді, онда халықтың сәйкесінше 26,4% және 25,5%-ы онлайн санақтан өткен.

Басқа материалдар

Back to top button