Жаңалықтар

Қарағанды облысында 225 418 адам халық санағынан өтті

Қарағанды облысында 19 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 225 418 адам онлайн режимде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 19 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 225 418 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 16,4%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Нұра ауданы көшбасшы. Онда 33,2% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Осакаров (27,5%) және Ұлытау (26,1%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Балқаш қаласы және Бұқар жырау ауданында ең төмен қамтылғаны белгіленді, сәйкесінше 12,2 % және 11,6% халық санақтан өтті. 

Басқа материалдар

Back to top button