Бас тақырып

Қарағанды облысында 2 жыл қатарынан 1892 ауылдың тағдыры шешілмей келеді

Ауыл тағдырына бей-жай қарай алмаған облыстық мәслихат депутаты, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серғазы Әдекенов екі жыл қатарынан Экономика министрлігінің табалдырығын тоздырғанымен, мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр.

 

“Болашағы жоқ ауыл» деген атаудың өзінен адам шошиды. Осы мәселені облыста екі жыл бойы көтеріп, облыстың экономика басқармасымен жұмыс жасап келеміз. 69 ауыл мемлекеттік бағдарламаға кіргенімен, басқалары кіре алмай отыр. Бұл – ауыз су, жол мәселесі, әлеуметтік нысандар тәрізді ауқымды мәселені қамтитыны сөзсіз, – деді Серғазы Мыңжасарұлы Парламент Сенатының депутаты Серік Өтешовпен кездесу барысында.

Одан бөлек, депутат ауылдарды қаржыландыру бойынша мемлекеттік тізім жасалған кезде ауылдарымыз қалып қоймаса екен деген тілегін де жеткізді. Мәселен, депутат алаңдаулы ауылдардың қатарында Абай ауданының Ақбастау, Нұра ауданының Заречное, Осакаров ауданының Садовое сияқты ауылдары бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ауылдарды тірек және спутниктік ауылдық елді мекендер тізбесіне тиімді және орынды енгізу тұрғысынан елді мекендерге тексеру жүргізілген болатын. Жоба бойынша биыл 9 млрд. теңгеге 39 жобаны іске асыра отырып, 35 ауылдық елді мекен қамтылды.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button