АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін түнде Қарағанды облысы тұрғындары жер сілкінісін сезінген. Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында қатты сезілді, бірақ Теміртау бойынша жер сілкінісінің толқыны ғана өткен. Төтенше жағдайлар департаменті өңірде 2 баллдық шкаламен сағат 00.09-да жер сілкінісі болғанын растады. Зардап шеккендер жоқ.

Сурет: total.kz

Қарағандыда жер сілкінісі кезінде Б. Момышұлы көшесіндегі үйлердің тұрғындары сақтық шаралары үшін далаға шықты. Жергілікті жерлерде ТЖД-дан адамдар үшін жылыту ұйымдастырылды. Вахталық көліктер кезекшілікте болды.

Қазіргі уақытта аймақта жағдай тұрақты. Мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінің 8-(7212)-51-72-23 сенім телефоны ашылды.

– 08-00-дегі жағдай бойынша сенім телефонына 3 қоңырау келіп түсті және 112 нөміріне 120-ға жуық қоңырау түсті (негізінен Қарағанды-118, Теміртау-1 және Балқаш-1), олардың кейбіреулері жер сілкінісі туралы хабарлады. Қоңыраулардың көбісі “Қандай шаралар қабылдау керек?”, “Жер сілкінісінің күші қандай болды?”, “Қанша балл?”, “Қайталана ма?” деген сұрақтар төңірегінде болды, -дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі қандай іс-әрекет ету керегін еске салады:
1. Сабырлы болыңыз,үрейленбеңіз!
2. Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз!
3. Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз!
4. Сенімді, күшті баспана табыңыз: егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, негізгі қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
5. Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін)!
6. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз!
7. Жедел чемодан алыңыз (алдын ала дайындалған)!
8. Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз!
9. Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз!
10. Қарттар мен мүгедектерге көмектесіңіз!

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button