Жаңалықтар
Қарағанды облысында 150 мыңға жуық адам жалпыұлттық диктант жазды
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы “Еркін ел ұрпағы” жалпыұлттық патриоттық диктант ұйымдастырды.
Аймақта оны 149 194 адам жазды.
“Диктанттың міндеті – қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сауаттылық дағдыларын қалыптастыру және мәтін арқылы ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу.
Қатысушылардың жасы шектелмеген.
“Еркін ел ұрпағы” жалпыұлттық патриоттық диктантына 143 148 оқушы мен 6046 ересек адам қатысты”, – деп хабарлады Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz