Жаңалықтар

Қарағанды облысында 140 881 адам санақтан өтті

Қарағанды облысында 13 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 140 881 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті.

Қарағанды облысында ағымдағы жылғы 13 қыркүйек сағат 08-00-дегі жағдайы бойынша 140 881 адам онлайн режиминде халық санағынан өтті. Облыс халқының жалпы санына қатысты қамту пайызы 10,2%-ды құрайды.

Облыс аймақтары бойынша Осакаров ауданы көшбасшы. Онда 22,7% халық интернет-сауалнамадан өтті. Сонымен қатар, жоғарғы пайыз Нұра (21,7%) және Абай (18,1%) аудандарында қамтамсыз етілген.

Қарқаралы ауданы және Қаражал қаласы ең төмен қамтылғаны белгіленді, сәйкесінше 5,4 % және 4,3% халық саналды.

Халық санағын sanaq.gov.kz. сайтында онлайн режимінде өтуге болатынын еске саламыз. Сайтта авторизацияның 4 түрлі жолы бар: e-mail, телефон номері, E-gov электронды үкімет және Aitu мобильдік қосымшасы арқылы.

Онлайн режимінде халық санағын өту кезінде бір адам өзімен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтыра алатынына назар аудару қажет. Яғни, sanaq.gov.kz сайтына бір рет қана тіркеліп бір отбасын қамту мүмкіндігі қарастырылған. Санақ парақтарын толтыру басталған сәтте «Респондентті қосу» нұсқасы ұсынылады. Бірге тұратын туысыңыздың ЖСН-ін енгізген соң жүйе оның толық аты-жөнін автоматты түрде шығарады. Бұл мүмкіндік арқылы санақ парақтарын толтыруға кететін уақытты айтарлықтай үнемдеуге болады. Санақ сауалдарына жауап берген соң хабарлама онлайн өткен барлық отбасы мүшелеріне ортақ болып саналады.

Статистика департаменті азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады.

Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болады. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойынша жұмыс істейтін 1446 және 8 8000 800 878 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. Бұдан басқа sanaq.gov.kz сайтында телефон номердерімен аймақтардың call-орталығы тізімі бар.

Қосымша хабарлайтынымыз, санақ кезінде азаматтардан алынған барлық ақпарат қауіпсіз байланыс арналары арқылы Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. Интервьюерлер тұрғындардан алған ақпарат сауалнама аяқталған сәттен бастап шифрланып, орталық серверге жіберіледі. Ұлттық статистика бюросының ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ерекше маңызды объектілерінің тізіміне енгізілген және ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мониторингін жүргізуде.

Мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтын қорғау үшін Sectigo SSL сертификаты коммерциалық сертификаттау орталығынан сатып алынды, онда пайдаланушы мен сервер арасындағы мәліметтер алмасу https қауіпсіз хаттамасы арқылы өтеді.

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша Департаменті.

Басқа материалдар

Back to top button