Коронавирус

Қарағанды облысында 1 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында тағы бір азаматтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

  • 3 сәуірде 68 жастағы әйел адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол 31 наурызда пневмония диагнозымен стационарға жатқызылған. Сол жерде коронавирус инфекциясына сынама тапсырды. Бүгін COVID-19 жұқтырғаны расталды. Науқас инфекциялық бөлімге жатқызылды. Қажетті емдеу шаралары көрсетілуде, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button