Қарағанды облысынан Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына үш адам кірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Комиссия төрағасы болып Конституциялық соттың төрайымы Эльвира Азимова тағайындалды. Төраға орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. Хатшысы – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Айдар Жарылғанов.
Комиссия құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, сот жүйесі, қоғам және БАҚ өкілдері енді.
Қарағанды облысынан комиссия құрамына үш адам кірді:
– Бекзат Алтынбеков – «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы;
– Нұрлан Дулатбеков – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ректоры;
– Нұркен Қобжанов – Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.
Комиссияның толық құрамы akorda.kz сайтында жарияланған.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



