Бас тақырыпМедицина

Қарағанды облысы: ЖРВИ мен тұмау жиілеп, эпидемиологиялық маусым өршіп тұр

Қарағанды облысында эпидемиологиялық маусым басталғаннан бастап ағымдағы жылдың 1 қазаны мен 20 қарашасы аралығында ЖРВИ-нің 75 мың 859 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 57%-ы келеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Облыста А (H3N2) типті тұмаудың – жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымдағы маусымдық вирустың 61 жағдайы зертханалық расталды. 14 жасқа дейінгі балалар 80% құрайды, барлығы вакцинацияланбаған.

Бұл вирус жаңа штамм емес, аурудың көріністері тұмаудың клиникалық көрінісіне сәйкес келеді – олар дене қызуының күрт көтерілуі, бастың және бұлшықеттің ауруы, қалтырау, дененің ауыруы.

Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 492 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 44%  құрады, олардың ішінде риновирус (44%), парагрипп (25%), боковирус (12%), аденовирус (9,5%), РС вирусы (1,3%) басым және басқалары бар.

ДДҰ болжамына сәйкес, ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау вирусының үш штаммы өзекті болады – A (H1N1), A (H3N2) және B. олардың барлығы тұмауға қарсы вакцинаның құрамына кіреді, бұл аурудың ауыр түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні 164 249 адам тұмауға қарсы вакцинациядан өтті, егу А(H3N2) қоса алғанда, айналымдағы өзекті штаммдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда және тұрғындарды тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауға шақырады:

– адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;

– түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;

– қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен үнемі өңдеу;

– орналасқан бөлмені жиі желдетіп, үнемі ылғалды тазалап отыру;

– құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп жеу;

– аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемеу, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.

Юрий ЗАЛЫГИН,

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Басқа материалдар

Back to top button