Қарағанды облысы жолдарында санитарлық бекеттер ұйымдастырылды
Аймаққа кіреберіс жолдарда, атап айтсақ, Нұра ауданында, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында, Жезқазған, Теміртау және Балқаш қалалары маңында санитарлық бекеттер ұйымдастырылды.
Аталған бекеттерде облыс аумағына келгендердің барлығында коронавирустық инфекция белгілерінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл жұмысты тәулік бойы жүргізу жоспарланып отыр. Бекеттерде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мамандары кезекшілік етеді.
Естеріңізге сала кетейік, облыстың барлық автопарктері күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшкен еді. Аталмыш ережеге сай, барлық жолаушылар автобустарының және маршруттық таксидің салондарын әр рейстің алдында және аяқталғаннан кейін дезинфекциялық ерітінділермен өңдеп отырады.
Жүргізушілер мен кондукторларды ауысым басталар алдында дәрігерлер тексереді. Егер, оларда инфекция белгілері байқалса, онда, олар жұмысқа жіберілмейді.
COVID-19 коронавирусының алдын алу мәселелері бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінде (8-7212) 50-76-46 нөмірі бойынша жедел желі ашылды.