Қарағанды облысы – жаңа жағдайда
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ халық алдындағы есебі
Қадірлі жерлестер!
2020 жыл бүкіл әлем үшін жаңа жүзжылдықтың ең бір күрделі кезеңі болып тарихта қалды. Жаһандық дүрбелең біздің аймақты да айналып өтпеді. COVID-19 пандемиясы біздің облыстың әрбір тұрғынына тікелей немесе жанай әсер етті.
Өткен жылдың өн бойы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, облыс жұртшылығының жұмысы мен табысын сақтауға бағытталды.
Біріккен күш-жігердің арқасында аймақ бұл сынақтан сүрінбей өтті.
Уақытша табысынан айырылған 565 мыңнан астам адам 42 500 теңге мөлшерінде көмек алды.
80 мыңнан астам адам азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етілді.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 60 мыңдай отбасы «Біргеміз» қорының бір мәрте қаржылай қолдауына ие болды, 78 мың тұрғынның коммуналдық қызмет ақысы өтелді.
Ұлт жоспарын, Бес әлеуметтік бастаманы, Президенттің 2020 жылғы 1-қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын және экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілді.
CОVID-19-БЕН КҮРЕС ЖӘНЕ ВАКЦИНАЛАУ
Облыста пайда болуы ықтимал CОVID-19 жаңа толқынына қарсы денсаулық сақтау жүйесін дайындаудың жедел жоспары жүзеге асырылды.
Жезқазған қаласында 200 төсектік жаңа инфекциялық госпиталь салынды.
Инфекциялық стационарлар ашу үшін облыстың төрт қаласында ғимараттар қайта құрылды және жөнделді.
Ауруханалар заманауи медициналық техникамен жарақтандырылды. 242 ИВЛ, 2800 оттегі концентраторы, 2600 пульсоксиметр, 40 цифрлы рентген-аппарат алынды. Медициналық газ беретін 25 орталықтандырылған жүйе орнатылды. 22 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істеп тұр.
288 мобильді поликлиникалық бригада құрылып, 122 жеңіл автокөлікпен және 60 реанимобильмен қамтамасыз етілді. Ауылдық аудандарда 9 жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы жолға қойылды.
Уақытылы вирусологиялық зерттеуді жалпы қуаты тәулігіне 11 мыңға дейін тест алуға жететін 11 ПТР-зертхана қамтамасыз етеді.
Инфекциялық стационарда жұмыс істеу үшін 24 инфекционист, 50 пульмонолог, сондай-ақ жедел медициналық жәрдемге 25 дәрігер қосымша даярланды. 6,5 мың медициналық қызметкердің дайындығы қамтамасыз етілді.
1-ақпаннан коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау науқаны басталды. Оны өткізу үшін толық дайындық жасалды. Емханаларда 115 егу кабинеті жасақталды, 106 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 420 орта медициналық қызметкер оқытылып, сертификатталды. Облыс тұрғындарын иммунизациялаудың 6 кезеңі айқындалды.
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Экономиканың негізгі салаларында оң өзгеріске қол жетті.
Өсім: өнеркәсіпте – 1,5%, ауыл шаруашылығында – 5,7%, құрылыста – 6,9%.
Жұмыссыздық деңгейі – 4,6%.
Мемлекеттік бюджетке 397,2 млрд. теңге немесе 104,6% мөлшерінде салық пен басқа да міндетті төлемдердің түсімі қамтамасыз етілді.
Негізгі капиталға 678,3 млрд. теңге қаражат құйылды.
Барлық елді мекенде дербес бюджет енгізілді. Олардың көлемі 20,8 млрд. теңге болды. Осы қаражаттың есебінен мектепке дейінгі мекемелер қызметі қамтамасыз етілді, абаттандыру мен көгалдандыру жүргізілді, автожолдар күтіп ұсталды, көшелер жарықтандырылды.
Қазір 9 қалада «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы одан әрі белсенді дамуда, онда азаматтар өзі тұратын қаланың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды белсенді ұсына алады.
Мәселен, Қарағанды қаласындағы Октябрь сараптамалық кеңесіне интернет-портал арқылы ұсынылған 9 жобаның жалпы құны 30,5 млн. теңгелік 7-еуі мақұлданды. Жалпы 103,2 млн. теңгелік 15 жоба мақұлданып отыр.
ӨНЕРКӘСІП
Облыс елдің жетекші индустриалдық аймағы болған және солай болып қалады. Аймақ экономикасының жартысы өнеркәсіптің үлесінде.
2020 жылы Индустриализациялаудың үшінші бесжылдығы басталды, оның негізгі міндеттері: индустриалдық кәсіпкерліктің қуатын көтеру, ішкі және сыртқы нарықта сұраныспен пайдаланылатын өңделген тауарлардың түртүрін көбейту, өңдеу өнеркәсібінің саласын технологиялық дамыту мен цифрландыру.
Екінші бесжылдықтың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 есе ұлғайды. 2020 жылы ол 2,9 трлн. теңгеге жетті, нақты көлем индексі 101,5% болды.
Саладағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2015 жылғы 28,6%-дан 2020 жылы 31,6%-ға жетті. «Өңдеу» көлемі 2,3 трлн. теңге, НКИ 103,6% болды.
Облыс өңдеуші өнеркәсіп тауарларын экспорттаудан көшбасшы саналады. Бір жылда әлемнің 39 еліне 2,5 млрд. АҚШ долларының өнімі сатылды. Негізгі экспортталған тауарлар мыс, жұқа прокат, ферроқорытпа, кремний, тағы басқалар болып табылады.
Түсті металлургияда – 4,5%, қара металлургияда – 8,6%, фармацевтикада – 3 есе, резеңке және пластмасса бұйымын шығаруда – 9,8%, тағам өнімдері өндірісінде – 14%, тағы басқа металл емес минералды өнім өндіруде 2,2% өсім қамтамасыз етілді.
Өнеркәсіп саласының кәсіпорындарында – 172,8 мың адам, оның жартысы өңдеу өнеркәсібінде еңбек етеді.
2021 жылдың міндеттері:
– өнеркәсіпте – 3-4%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,5%, кен өндіру өнеркәсібінде 3% көлем өсімін қамтамасыз ету.
ИНВЕСТИЦИЯ
Инвестиция тарту үшін жүйелі жұмыс жолға қойылған. Мақсат – жалпы өнімдегі инвестицияның үлес деңгейін 30%-ға дейін ұлғайту.
2020 жылдың қорытындысында облыста 678,2 млрд. теңге тартылды.
Құны 2 трлн. теңгеге жуықтайтын, жаңадан 12,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 50 жаңа ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде металлургия, баламалы энергетика, машина жасау және химия сияқты салалардағы 25 жобаға 1,4 трлн. теңге шетелдік капитал тартылған.
2020 жылы 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған 11 жоба жүзеге асырылды. Олар – алтын қалқитын «Алтыналмас» фабрикасы, техникалық газ өндіретін зауыт, Ақадыр кентіндегі қуаты 26 мВт күн электр стансасы, Steel Manufacturing жез зауыты, ферросилиция шығаратын YDD Corporation зауытының 3 пеші, Global City көтерме-логистика орталығы, ірі техникаға қызмет көрсететін Hitachi Construction Machinery сервистік орталығы, резеңке-техникалық бұйым жасайтын Polymet Solutions Corporation зауыты, «КазКарбон» құю және байыту өндірісі, Yutong автобустар өндірісі, «Шанс» құрама жем зауыты.
282,2 млрд. теңгелік 14 жаңа өндірістің қатарға қосылуы күтілуде, сонда жаңадан 2,6 мың жұмыс орны ашылады.
Инвестиция тарту үшін мемлекеттік қолдау құралдарының бірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруда барлық қажетті инфрақұрылымы бар «Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағы болып табылады. 21 компания оған мүшелік мәртебесін алған, оның 9-ы жұмыс істеп тұр, 12- сі қатарға қосылуға жақын.
Жалпы, жүргізілген жұмыстар 2020 жылдың қортындысында 678,2 млрд. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді, оның 81,6%-ы жеке инвестиция.
2021 жылдың міндеттері:
– инвестиция көлемінің өсімін кемі 715 млрд. теңгеге жеткізу;
– жаңа және экспортқа бейімделген кәсіпорындар құру үшін трансұлттық компаниялар мен шетелдік инвестициялар тарту.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН
2020 жылы ауыл шаруашылығында 398,7 млрд. теңгенің жалпы өнімі алынды, нақты көлем индексі 5,7% артты.
Гектарына орташа 11,3 ц. өнім алынғанда, 1 млн. тоннадан астам дәнді дақыл бастырылды, картоп пен көкөніс өнімділігі артты. Ет өндіру көлемі – 5,4%, ал сүт өндіру 4,1% өсті.
Тағам өнімдерін өндіру 14% артып, 138,3 млрд. теңге болды.
2020 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталындағы инвестиция 36,6% ұлғайып, 25,9 млрд. теңгеге жетті, тағам өнімдері өндірісінде 15,0% артып, 2,0 млрд. теңге болды.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында 2021 жылы 15,7 млрд. теңгенің 20 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
2020 жылы 6855 ауыл шаруашылық тауарын өндірушіге 19.7 млрд. теңгенің мемлекеттік қолдауы көрсетілді.
Жалпы, барлық ауыл шаруашылық өнімі өндірісі көлемінің өсімі ішкі нарықты өзімізде өндірілген тауармен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Фермерлердің қолдауымен әлеуметтік ұн мен нан өндірісіне арналған резервтік бидай қоры құрылды. Картоп пен көкөністің тұрақтандыру қоры қалыптасты.
2021 жылдың міндеттері:
– еңбек өнімділігін 17,5% арттыруға және өңделген өнімді экспорттау көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
– ауыл шаруашылық өнімінің көлемін 6,5% ұлғайту;
– ауыл шаруашылық дәнді дақылдарын себу аумағын ұлғайту және өнімділігін арттыру шараларын қолдану ;
– мал басын көбейту және ондағы асыл тұқымды малдың үлесін арттыру ;
– импорт алмастыру және өңделген өнімді экспорттау үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Малдың әртүрлі ауруға шалдығуының алдын алуға арналған шараларға 2020 жылы 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Барлығы малда кездесетін аса қауіпті аурудың 11 түріне қарсы 6,4 млн. манипуляция жасалып, 30 түрі бойынша диагностикалық зерттеу жүргізілді.
Тиісті қауіп төндірген малдарды залалсыздандыру барысында жалпы құны 96 млн. тенге төленді.
2020 жылы 942 мың бас мал бірегейлендіріліп, деректер базасына енгізілді.
Облыста өлген малды көметін 112 арнаулы орын бар, оның 49-ы типті, 63-і қарапайым.
ҚҰРЫЛЫС
Жыл қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны – 25,8%-ға, өнеркәсіптік құрылыс – 24%-ға, көлік құрылысы – 2 есе өсті. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары көлемінің артуы 106,9% құрады.
2020 жылы 8 әлеуметтік маңызы бар нысан, оның ішінде, екі дәрігерлік амбулатория, екі мектеп, екі әкімшілік ғимарат және Бірыңғай үйлестіру орталығы пайдалануға берілді.
34 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың арасында, Қарағанды және Сәтбаев қалаларындағы екі БЖС, 4 мектеп, «Жошыхан» тарихи-мәдени кешені, 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, жаттығу залы бар 2 бассейн, медициналық жедел жәрдемнің 2 қосалқы станциясы бар.
Қарағанды қаласында онкологиялық диспансерге операциялық-реанимациялық блокты, 200 төсектік облыстық көп бейінді аурухананы салу басталады. Сонымен қатар, 31 фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын бастау жоспарланған.
Өткен жылы 6,4 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға беру 25,8%-ға өсті. Тұрғын үй қоры 529,5 мың шаршы метрге ұлғайды.
Тұрғын үй кезегінде тұрған 2475 отбасына жалға берілетін және несиелік тұрғын үй салынды, сатып алынды, оның ішінде, коммуналдық тұрғын үй қорынан – 897, несиелік тұрғын үй – 226, демеушілік тұрғын үй – 40, «Бақытты отбасы» бағдарламасымен – 365, «Шаңырақ» бағдарламасымен – 18.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 180 пәтер берілді.
Жалпы, әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй беру қарқыны 40%-ға өсті.
«7-20-25» бағдарламасында шекті лимитті ұлғайту мәселесін шешу арқылы (15 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін) мақұлданған өтінімдер саны 3 есеге өсіп, 1229-ға жетті. 2019 жылдың соңында мақұлданған өтінімдер 400-ден асты.
2021 жылға:
– барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйді пайдалануға беруді 529,5 мың шаршы метрден 700 мың шаршы метрге ұлғайту;
– 2021 жылы мемлекеттік қаражат есебінен пәтерлерді беруді 2,9 мың пәтерге дейін арттыру міндеттері қойылып отыр.
КӨЛІК
Пандемияға байланысты енгізілген шектеулерге орай көліктің барлық түрлерімен тасымалданатын жолаушылар саны 64%-ға төмендеді, жолаушылар айналымы 70%-ға қысқарды.
Дегенмен, облыста жолаушылар тасымалы саласын дамыту және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті қадамдар жасалды.
Ескірген автобус паркі ауыстырылуда. Алдағы 2-3 жылда тозған қоғамдық көліктерді кезең-кезеңмен жаңарту міндеті тұр.
Мемлекеттік қолдау тетіктері есебінен облыс орталығының тасымалдаушылары – 60 және Теміртау қаласының автокәсіпорындары 75 автобус сатып алады. Автобустарды жеткізу бірінші жартыжылдықта деп күтілуде.
Өткен жылдың соңында №609/610 «Қарағанды-Жезқазған» теміржол қатынасы күнделікті жұмыс кестесіне ауысты.
Облыста 10 әуе маршруты қызмет көрсетеді, оның 2-і – халықаралық, 7-і – облысаралық және облысішілік – 1 бағыт. Елбасы саясатының арқасында қазақстандық әуе компаниялары ел ішінде әуе қатынастарын кеңейтуде.
Осы жылдың наурыз айында Fly Arystan әуекомпаниясы Шымкент және Атырау қалаларына ұшуды қайта бастайды.
Желтоқсаннан бастап «ҚарағандыЖезқазған» әуе маршрутының ұшу жиілігі аптасына үштен төрт ретке дейін ұлғайтылды және тариф 12 мыңнан 10 мың теңгеге дейін төмендетілді.
Балқаш қаласы әуежайының ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу аяқталды. Жақын арада аэровокзал ғимараты мен перронды қайта жаңғырту жоспарланған.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарқаралы және Ұлытау аудандарында шағын авиация әуежайлары құрылысының ТЭН-ін дайындау аяқталды.
ЖОЛДАР
2020 жылы «Нұрлы Жол», «ЖҚЖК» және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы негізінде 2 мың шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы жолдардың жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның 1200 шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Жөндеу жұмыстарына 10 мыңға жуық адам, 4 мыңнан астам техника жұмылдырылды.
Аймақта «Қызылорда – Жезқазған» көлік жолының мәселесі өзекті. ИИДМ ЖСҚ әзірленді, қаржыландыру көзі анықталғанда жол құрылысы басталады.
Республикалық маңызы бар «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолдарының учаскелерін «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінде қайта жөндеу жалғасуда. 2021 жылдың соңына дейін бұл учаскеде жол құрылысы толық абаттандырылып, аяқталады.
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша 6 жол учаскесі мен екі көпірді қайта жөндеу, бір учаскені күрделі жөндеу және 21-учаскені орташа жөндеу жалғасады. Жөндеу жұмыстары жалпы 505 шақырымды қамтиды.
Облыс орталығында Волочаевск көшесі мен 14 шағынауданының көлік жолының құрылысы, «7-ші магистраль» автожолында, К.Маркс және Магнитогорск көшелеріндегі автожолда күрделі жөндеу жұмыстары жалғасады.
Сондай-ақ, орташа жөндеумен Қарағанды қаласының жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын көше-жол желісінің 11 учаскесі қамтылады.
Жөндеу жұмыстары мен материалдардың сапасын бақылауды «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК жүзеге асырады.
2021 жылға міндеттер:
– 1 300 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамту, 650 шақырым автокөлік жолдарын жөндеу;
– жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 85%-ға дейін жеткізу.
БИЗНЕС
Пандемия зардаптарын еңсеру үшін мемлекет кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуде дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,8 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 421 бизнес жобасына субсидиялар, кепілдіктер, гранттар және инфрақұрылым берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 46%-ға көп.
Жобалар өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, сауданы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді, қонақ үй бизнесін және т.б. дамытуға бағытталған. Нәтижесінде 561 жұмыс орны ашылды. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 2020 жылы АӨК, тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған 114 жоба мақұлданды. Несие сомасы – 9,5 млрд. теңге.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1187 несие берілді, оның 92% – ауылдық жерге бағытталды. Жобалар мал және өсімдік шаруашылығын, қызмет көрсету саласын дамытпақ.
Өз ісін ашуға жас кәсіпкерлерге, көп балалы аналарға және азаматтардың басқа да санаттарына 1,135 млрд. теңге көлемінде 1871 грант берілді.
Экономиканың зардап шеккен секторларын қолдауға бағытталған ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша 25,1 млрд. теңгенің 111 несиесі берілді.
ҚР Президентінің тапсырмасымен ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға берудің 1289 шарты негізінде 125 млн. теңгеге төлемақы есептеу тоқтатылды.
4800 кәсіпкер жалға беруден босатылды немесе 40% жеңілдікпен жалға алды. 300 кәсіпкерге несиесін, негізгі қарызын және пайыздарын екінші деңгейлі банк кейін төлеуге рұқсат берді.
Жаңа бизнес нысандарының құрылысы жалғасуда. Сауда және қызмет көрсету саласында 29,2 млрд.теңгенің 447 жаңа жобасы 1840 тұрақты жұмыс орнын ашты.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің жүктемесін арттыру үшін ірі кәсіпорындардың айналасында шағын кәсіпорындар белдеуі жұмыс істейді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ірі компаниялармен 112,7 млрд.теңге сомасына өнім жеткізу және қызмет көрсету туралы 724 әріптестік келісім жасалды.
Мемлекеттік сатып алулар мен ірі компаниялардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 2 есеге артты. «Жұмыспен қамту жол картасында» 2020 жылы жергілікті қамтудың үлесі 91%-ды құрады (жоспар 90%),
Жыл қорытындысында АМТ жергілікті қамту үлесін 5 есеге арттырып, жергілікті тауарларды 24,5 млрд.теңгеге сатып алды. «Қазақмыстың» сатып алуда шикізаттық емес тауарларының үлесі 1,5 есеге, яғни, 15 млрд. теңгеге дейін өсті.
Бизнесті жүргізу негізіне 2,6 мыңнан астам адам оқытылды, оның ішінде, 750 кәсіпкерге грант және жеңілдетілген шағын несие түрінде өз ісін ашуға қаржылық қолдау көрсетілді. 4,4 мың кәсіпкерлік субъектісі мен жеке тұлғаға 10,3 мың кеңес берілді. Бизнестің жаңа болмысқа жылдам қайта бағдарлануының және дағдарысқа қарсы уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жыл соңында ШОБ субъектілерінің саны –2,1%- ға (90 196 бірлік) ұлғайды, жұмыспен қамтылғандар саны – 3%-ға, өнім шығару – 6,7%-ға өсті.
2021 жылға арналған міндеттер:
– «Бизнестің жол картасы – 2025», «2017- 2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Қарапайым заттар экономикасы» және «ШОБ-қа жеңілдікпен кредит беру» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдауды жалғастыру;
– 16,1 млрд. теңге инвестиция сомасындағы 258 сауда объектілерін салу және қызмет көрсету жобаларын іске асыру арқылы 1486 жұмыс орнын құру;
– шамамен 1000 адамға грант беру; Кәсіпкерліктің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысын жалғастыру.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ КАРТАСЫ
Кәсіпкерлікті қолдау картасына 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 956,9 млрд.теңгенің 126 жобасы енгізілді.
10 жыл ішінде машина жасау, фармацевтика, құрылыс индустриясы және АӨК саласында 387,3 млрд.теңге сомасына 94 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 1,7 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Екі жоба 2020 жылы іске асырылды. Бұл 124 жұмыс орнын ашуға және 450 млрд. теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік берді. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 15,4%-ды, оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде –10% -ды құрады.
2021 жылға арналған міндеттер:
– 1,6 мың жаңа жұмыс орнын құруға ықпал ететін 282,2 млрд.теңгенің 14 жобасын іске асыру;
– өңдеуші өнеркәсіп саласында технологиялық дамытуды және цифрландыруды қамтамасыз ету.
ТУРИЗМ
2020 жылы сыртқы туризм жабылғанда ішкі туристік бағыттарды дамытудың қаншалықты маңызды екеніне тағы да көз жеткіздік.
Аймақ бірегей туристік әлеуетке ие, бірақ инфрақұрылымды, ақпараттандыру мен қонақжайлылық саласын соған сәйкестендіру – міндет.
Биылдан бастап, біз перспективалы жобалар үшін преференциялары бар жайлы туристік аумақтар құру жөніндегі жұмысты күшейтеміз.
Бізде – Балқаш (ТОП-10), Қарқаралы және Ұлытау (ТОП-50) – 3 туркластер бар.
Балқаш курорттық аймағын дамытудың шеберлік-жоспарына сәйкес бюджеттік және жеке құйылатын инвестиция сомасы 30 млрд теңге шамасында.
2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» арқылы Алматы-Екатеринбург тасжолынан Тораңғалық және Шұбартүбек кенттерінің автомобиль жолдары мен жалпы ұзындығы 9,4 шақырым кентішілік жолдарына орташа жөндеу аяқталды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін ұзындығы 360 шақырым болатын төрт жолақты Қарағанды-Балқаш автобаны толық ашылады.
Балқаш қаласының әуежайын қайта жаңғырту және Бертіс шығанағының туристік объектілеріне және Шұбартүбек және Тораңғалық кенттеріне коммуналдық инфрақұрылым құрылысы да басталады.
Сондай-ақ, Балқаш қаласының қалалық жағалауын абаттандыру үшін ЖСҚ әзірленуде.
Жеке инвестициялар есебінен 9 жаңа демалыс аумағының құрылысы басталады. Жағалауда туристік инфрақұрылым үшін тағы 60 гектар бос жер резервте.
Ұлытау ауданында «Визит-орталық» 10 нөмірлі қонақ үй кешені бар туристік орталық құрылысы аяқталды.
2020 жылы Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау өңірлеріндегі жол инфрақұрылымы жақсартылды, онда 230 шақырымға жөндеу жүргізілді.
Биыл Ұлытауда Жошы ханның мүсіндік композициясы мен экспозициялық залы бар «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталады. Кешен Ұлытаудың киелі жерлеріне келетін туристерді тартатын орынға айналады.
Қарқаралы ауданында туристерді тарту мақсатында ұлттық парк аумағында 11 туристік маршрут іске қосылды, 54 шақырым жол жөнделді.
Қонақтарды 30-дан астам мейманхана, демалыс орны, қонақ үй және тағы басқалары қабылдауға дайын. Осы жылы тағы да 5 демалу аумағын ашу көзделуде. Оның инвестициясы 1 млрд. теңге шамасында.
Пандемияға байланысты ішкі туризмді дамыту және туристік лекті 10 есе (2025 жылға қарай) арттыру үшін барлық мүмкіндіктер қолданылуда.
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК (МЖӘ)
Қарағанды облысында МЖӘ іске асыру аясында 2020 жылы жалпы сомасы 3,8 млрд.теңгенің 8 шартына қол қойылды. Аталған жобалардың барлығы жеке қаржылық бастама негізінде және мемлекеттік міндеттемелері жоқ.
2021 жылға арналған міндеттер:
– атмосфераға ластаушы заттардың эмиссиясын 580 мың тоннаға дейін төмендету;
– мемлекеттік орман қоры аумағында 1,5 млн. дана көлемінде орман дақылдарын отырғызу.
СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР
Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені тұрақты негізде жүргізіледі.
33 елдімекенде қорғау бөгеттерін тұрғызу, оларды нығайту, жағалауды нығайту және түбін тереңдету, арық-канал жүйелерін тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілді.
Бұдан басқа, облыстың автомобиль жолдарының 74 учаскесінде су өткізу құбырлары салынды.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Бүгінгі күннің негізгі міндеті – қарды тазалау және шығару. Облыста су тасқыны қаупі бар 174 елді мекен ерекше бақылауға алынды.
Барлық 262 гидроқұрылыстар ерекше бақылауда. Су тасқыны қаупі бар аймақтарда хабарлау жүйесі тұрақты дайындықта. 1-наурыздан бастап су өткізу құбырлары мен көпірлерді тазарту шаралары басталады.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.
2021 жылға арналған міндеттер:
– Нұра өзенін санациялау бойынша іс-шараларды іске асыру;
– Абай ауданының Топар су қоймасын күрделі жөндеуді аяқтау.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 43 591 адам жұмысқа орналастырылды.
Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады.
2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 34 955 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 56%-ы – тұрақты жұмыс орындары.
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жұмыссыздықтың жаппай өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берген «Жұмыспен қамтудың жол картасы» қабылданды. 140 елді мекенде 62 млрд. теңге сомасына 16017 жұмыс орнын құру арқылы 622 жоба іске асырылды.
Барлық қабылданған шараларды іске асыру жұмыссыздық деңгейін 4,6% сақтауға мүмкіндік берді, бұл – республикалық көрсеткіштен төмен.
2021 жылға арналған міндеттер:
– 35,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту;
– 425 жұмыс орнын құра отырып «Жұмыспен қамтудың жол картасының» 21,2 млрд. теңгеге 19 жобасын іске асыру, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 214 адамды жұмысқа орналастыру;
– жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға дейінгі деңгейін сақтап тұру.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
АӘК төлеуге 1,8 млрд. теңге бағытталды. Төлем толық көлемде жүргізілді.
Өнімді жұмыспен қамтуға еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 93,4%-ы тартылды.
2021 жылы АӘК төлеуге 2,6 млрд. теңге қарастырылған, ол 26 мыңнан астам адамды қамтиды.
Облыс бойынша 15,7 мың көпбалалы отбасы арнайы мемлекеттік жәрдемақы алды.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардан шыққан 7 127 бала қамтылды.
2021 жылға арналған міндеттер:
– 26 мыңнан астам адамға АӘК төлеу.
БІЛІМ БЕРУ
Қарағанды облысында 204 мыңнан астам оқушы білім алатын 504 мектеп жұмыс істейді.
2020 жылы үш ауысымды оқыту мен апаттылықты жою мақсатында Жезқазған, Қарағанды қалалары мен Ұлытау ауданында 3 мектептің құрылысы аяқталды. Тағы 4 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 2 мектеп – апатты мектептердің орнына, 2 мектеп – үш ауысымды мектептердің орнына.
Жалпы облыс бойынша 13 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде: 4 мектеп, 2 балабақша, 2 оқушылар сарайы, 4 жапсарлас құрылыс, 1 жатақхана.
Өткен жылы апаттардың алдын алу үшін облыстық бюджеттен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламалары аясында 448 білім беру нысанын жөндеуге 17 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда үш есе көп.
Инклюзивті білім беруге ерекше көңіл бөлінеді.
Өткен жылы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қамту мектепке дейінгі ұйымдарда 30,5%-дан 33,6%-ға дейін, мектептерде – 56,7%-дан 68%-ға дейін ұлғайды. Бұған 96 топтың, 1 мыңнан астам инклюзивті сыныптардың, 68 арнайы сыныптардың, Қарағанды және Теміртау қалаларының мектептері жанындағы инклюзияны қолдау жөніндегі 3 ресурстық орталықтың, Абай қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің және Теміртаудағы оңалту орталығының ашылуы ықпал етті.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін 5 млрд. теңгеге 33,5 мың компьютерлік техника сатып алынды, кең жолақты Интернетке қосылу сапасын жақсартуға 307 млн. теңге бөлінді.
Бірінші және екінші сыныптардың 62 мың оқушысы үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Ауыл мектептері базасында қосымша білім беру ұйымдарының 21 филиалы ашылды. Жаңаарқа және Ақтоғай аудандарында 2 қосымша білім беру орталығы, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында 2 технопарк ашылды. «Қосымша білім беру навигаторын» құру жұмыстары жүргізілуде, бұл әр баланың үйірмелермен және секциялармен нақты қамтылуын бақылауға мүмкіндік береді.
Ерте бейіндеу негізінде үздіксіз кәсіптік білім беру моделі табысты іске асырылуда, кәсіптік бағдар берудің 353 кабинеті ашылды, оның 313-і жалпы білім беретін мектептерде. MyCollege жобасы демалыс кезінде 9-11 сынып оқушыларына колледж базасында түрлі мамандықтар бойынша өздерін сынап көруге мүмкіндік береді.
Колледждерді жаңғырту және сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман» жобасы бойынша 15 колледжде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеті колледжде 1,8 млрд. теңгеге жабдықтар сатып алынды. Биыл жаңа құзыреттер бойынша 2,4 млрд. теңге көлемінде жабдық сатып алу жоспарлануда.
2021 жылға арналған міндеттер:
– 99 білім беру нысанына жөндеу жүргізу, жылыту қазандықтарын мектеп ғимаратынан шығару;
– МЖӘ аясында облыстың 23 мектеп-интернатында және облыс орталығының 5 мектебінде асханаларды жаңғырту бойынша екі жобаны іске асыру, барлық мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшу.
– 1 145 жаңа орын ашу есебінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 84%-дан 84,4%-ға, оның ішінде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда – 1320-ға дейін ұлғайту.
– облыс орталығында 20 инклюзияны қолдау кабинетін, бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру, Қарағанды және Сәтбаев қалаларында 2 түзету кабинетін ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған арнайы ұйымдардың мамандар штатын ұлғайту. Қабылданған шаралар қосымша 1 мыңнан астам баланы оңалту көмегімен қамтуға мүмкіндік береді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
2020 жылы Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кірісті. Басты назар профилактикалық медицинаны дамытуға бағытталады.
МЖӘ тетіктері арқылы Қарағанды және Теміртау қалаларында 3 жаңа емхана, маммологиялық және эндоскопиялық орталықтар ашылды, оңалту орталықтарының желісі дамуда. Абай және Осакаров аудандарында бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттер тұрғылықты жері бойынша гемодиализ сеанстарын алу мүмкіндігіне ие болды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен жергілікті бюджеттер есебінен 49 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді.
Ағымдағы жылы Балқаш қаласында БМСК орталығының құрылысы басталады.
Жұмысқа келген жас мамандарға 46 қызметтік пәтер берілді. Бұдан басқа, Қазақстан ипотекалық компаниясымен (ҚИК) меморандум бойынша 14 пәтер алынды. «Қазақмыс» корпорациясымен Жезқазған, Сәтбаев қалаларының дәрігерлері үшін 32 пәтер және Балқаш қаласында 20 пәтер сатып алынады. Медицина қызметкерлері үшін тұрғын үйді абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Мақсатты жұмыстың нәтижесінде 362 маман тартылды, оның ішінде 75-і резидентураны бітіргеннен кейін. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 370 дәрігер оқиды, олар жақын арада облыстың ауруханалары мен емханаларына жұмыс істеуге келеді. Ең сұранысқа ие мамандықтарға басымдық беріледі.
2021 жылға арналған міндеттер:
– коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың ықтимал өсуі жағдайында денсаулық сақтау кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
– 10 денсаулық сақтау, оның ішінде инфекциялық бейін нысандарына күрделі жөндеу жүргізу;
– денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту (позитронды-эмиссиялық томография орталығы (ПЭТ КТ), сәулелік терапия орталығы (желілік үдеткішті орнату);
– №3 көпбейінді аурухананың (облыстық онкологиялық диспансер) операциялық-реанимациялық блогын салу;
– облыстық балалар ауруханасының (200 төсектік), жедел медициналық жәрдемнің екі қосалқы станциясының құрылысын аяқтау.
ЦИФРЛАНДЫРУ
6 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 85%-дан астамы электрондық түрде алынды. Барлық қызметтердің 92%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді, Telegram-бот немесе мобильді қосымша арқылы алуға болады.
Open akimat жобалары іске асырылды, онда мемлекеттік қызметтер цифрлық технологияларды қолдана отырып, бірыңғай терезе қағидаты бойынша ұсынылады.
Өңірлік геоақпараттық портал құру жалғасуда, онда жер қатынастары, құрылыс және сәулет салаларында, жер учаскелерін алу, құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну және тағы басқа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер автоматтандырылады, бұл қызмет көрсету мерзімін 1 жылдан 15-20 күнге дейін қысқартады. Мұнда көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының тікелей байланысы болмайды.
Денсаулық сақтау саласында жасанды интеллекті енгізу басталды, экология саласында газ талдағыштарды орнату жалғасуда, құрылыста ғимараттарды жобалау кезінде BIM-технологиялары қолданылады.
Үш жыл ішінде облыстың 55 ауылдық елдімекені жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. 85 АЕМ-де 3G және 4G интернетке мобильді кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс аяқталуда. Барлық жұмыс аяқталған соң, интернет-байланыспен қамту АЕМ-нің шамамен 94%-ын құрайды.
«Қауіпсіз қала» жобасы іске асырыла бастады. Оның аясында үш мыңнан астам бейнекамера Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран қалаларының және Осакаровка кентінің қоғамдық орындарында аулаішілік аумақтарына орнатылады. Жоба аясында 250 аппараттық-бағдарламалық кешен, оның ішінде 80 жылдамдық өлшегіш іске қосылады.
2021 жылы алға қойылған міндеттер:
– «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру;
– Senim 109 бірыңғай қызметінің жұмысын жетілдіруді жалғастыру;
– Облыстың білім беру ұйымдарын 100% «бұлтты» бухгалтерияға көшіру.
СПОРТ
Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 1 мың адамға шаққанда облыс бойынша орта есеппен 59%-ды құрайды. Спортпен айналысуға тартылған өңір тұрғындарының саны – 30,5%. Өңірдегі спорт секцияларына баратын балалар мен жасөспірімдер саны – 62,7%ды құрайды.
2 795 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді, оның ішінде онлайн-форматта оған 147 мыңнан астам адам қатысты. Спорт мектептерінің 30 мыңнан астам тәрбиеленушісі жаттығуды жалғастырды, жаңа жағдайларда дене шынықтыруды белсенді қолдады.
Бүгінгі таңда облыста спорттың 100 түрі дамып келеді, оның 44-і олимпиадалық спорт түрі. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына Қарағанды өңірінің 1 471 спортшысы кіреді.
Жетекші спортшыларды ынталандыру үшін стипендия мөлшері екі еседен астам көлемде ұлғайтылды. Оны алушылар саны 104-тен 165 адамға дейін өсті.
Жұмыс істейтін 3 155 спорт нысанының 1 230-ы ауылдық жерлерде орналасқан. 2020 жылы оларды жөндеу мен салуға барлық қаржыландыру көзінен 7,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Жаңа нысандардан: Қарқаралы қаласындағы 320 орындық ДСК, Теміртау қаласындағы ДСК, «Saryarka» үстел теннисі орталығы және теннис орталығын айтуға болады.
Спорт объектілерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда (80 бірлік) 109-ға өсті, бұл 36%-ды құрайды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша Шахтинск, Жезқазған қалаларында, Ұлытау ауданының Қарсақпай ауылында, Ұлытау ауданының Жезді кентінде, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде және Нұра ауданының Нұра ауылында алты Фокстың құрылысына қаражат бөлінді.
Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қарағанды қаласында спорттық-сауықтыру кешені мен Триатлон паркі салынуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 14 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы алға қойылған міндеттер:
– Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушыларды қамтуды 30,7%-ға дейін өсіру немесе 420 мыңнан астам адамға ұлғайту;
– Токио қаласындағы XXXII Олимпиадалық (жоспар – 10) және XVI Паралимпиадалық ойындарға (жоспар – 8) қатысуға лицензияны жеңіп алу);
– 6 жаңа спорт нысанын пайдалануға беру.
– облыстың қалалары мен аудандарында 34 республикалық турнир, спорт түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан Республикасының 32 чемпионатын, 12 халықаралық турнир, оның ішінде екі жеңіл атлетикалық жартылай марафон, өрттен құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатын, 10 спартакиада өткізу.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Еріктілер жылы аясында Қарағанды облысында еріктілер қозғалысын дамыту бағытында іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Волонтерлердің өңірлік жобалық-кеңсесі құрылды, «Qoldau» волонтерлік орталығы ашылды, 155 мың адамды қамтитын 1112 іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді. Қоғам игілігі үшін 3 мыңнан астам волонтер еңбек етті.
Бүгінде облыста әр бесінші азамат – жас буын өкілі. Жастарды қолдау мақсатында облыстық және 18 өңірлік жастар ресурстық орталықтары, 87 жастар ҮЕҰ жұмыс істейді.
«Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін» жобалары іске асырылуда.
16 мың жас Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1436-сы жастар практикасына жіберілді.
Облыстық жас ғалымдар кеңесі белсенді жұмыс жүргізуде, ғылыми-зияткерлік клубтар, зерттеу жұмыстары үшін алаңдар және жастардың стартап жобалары құрылды.
Жыл сайын облыс әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға арналған гранттары беріледі. 2020 жылы қаржыландырудың жалпы сомасы 10 есеге өсіп, 100 млн. теңгені құрады. ZhasProject жобасы аясында жалпы сомасы 155 млн. теңгелік 155 әлеуметтік бизнес-жоба гранттары берілді.
2021 жылы алға қойылған міндеттер:
– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 245,9 млн. теңге сомасына жобаларды іске асыру;
– жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға 100 млн. теңге көлемінде 100 грант бөлу;
– «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 233 маманға 1022,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер қарастыру, көтерме жәрдемақы – 402 маманға 117,3 млн. теңге сомасында беру;
– «Жасыл Ел» жобасы бойынша 1500-ден астам адамды жұмысқа орналастыру көзделуде.
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Тілдерді дамыту саласында басымдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның қолданылу аясын кеңейтуге және тілдерді оқытуға бағытталған.
2020 жылы қазақ тілі курстарынан 2179 адам, ағылшын тілі курстарынан 1847 адам өтті.
Латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиін түсіндіру үшін 24 мыңнан астам адамды қамтитын 229 іс-шара ұйымдастырылды. Облыстың ономастикалық кеңістігін реттеу бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша 66 көшені, 19 мекеме мен 1 әкімшілік-аумақтық орынды қайта атау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Белсенді азаматтар және еріктілермен бірлесіп, 10 мыңнан астам объектідегі көрнекі ақпараттың жай-күйіне талдау жасалды. Анықталған 1500-ден астам заңбұзушылықтың 60%-ы түзетілді. «Жедел желі» қызметі арқылы 4000-ға жуық бизнес субъектілеріне жарнама мәтіндерін дұрыс ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
2021 жылы алға қойылған міндеттер:
– латын графикасына кезең-кезеңмен көшу бойынша жұмыстар жүргізу;
– ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұлттық сананы қалыптастыратын дәстүрлі тарихи тұлғалардың есімдерін көшелерге беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
– мемлекеттік қызметте көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
2020 жылдың қорытындысында облыс бойынша жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 24,4%-ға қысқарды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 41,3%-ға, сондай-ақ көшелерде – 42,6%-ға азайды. Мас күйінде жасалған қылмыстардың саны 8%-ға, жасөспірімдер қылмысы – 50,8%-ға азайды. Жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде ЖКО кезінде өліммен аяқталған оқиға саны кеміді.
Облыстың қалалары мен аудандарында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жетілдірілуде. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде «кезеңдік қолжетімділікпен» қамтамасыз етуге бағдарланған учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру қайта қаралды. Жеке профилактика шаралары күшейтілді. Қарағанды қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілмен пилоттық жоба апробациялануда. Учаскелік полиция инспекторларының жеке құрамы видеожетондармен 100% жабдықталған.
2021 жылы алға қойылған міндеттер:
– 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейін 113 промильге дейін төмендету;
– ЖКО-да қаза тапқандар санын (100 мың тұрғынға шаққанда) 2021 жылы 12,8 бірлікке дейін түсіру.
ІШКІ САЯСАТ
Өткен жылдың басты оқиғалары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы болды.
2020 жылдың наурыз айында басталған коронавирус пандемиясы біздің жоспарларымызға түзетулер енгізгенімен, есеп беру кезеңінде осы және басқа да маңызды күндерге арналған 600-ден астам әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізілді. Оған ардагерлер, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, діни конфессиялардың өкілдері, жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, металлургтер, кеншілер, студенттер және басқалар белсенді қатысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. 1,9 млн. адамды қамтыған 1142 іс-шара өткізілді.
Басым бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру болды. «Әкім сағаты» жобасы тәжірибеге енгізілді, оның аясында қалалар мен аудандардың әкімдері аптасына кемінде 2 рет халықпен тікелей эфирге шықты. Тікелей эфирге облыстың 74 мыңнан астам тұрғыны қатысып, жалпы алғанда 25 мыңға жуық сұрақ қойды. Биылғы жылы біз осы тәжірибені жалғастыруға ниеттіміз. 2021 жылдың басты оқиғасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болып табылады.
Осы атаулы күндерді атап өту кезінде біз, ең алдымен, адамдардың әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударамыз. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында атап өткендей: « … осы саладағы жақсартуларсыз елдің жетістіктері туралы айту артық».
Сондай-ақ, биыл қазақ халқының Ұлы ұлдарының мерейтойын – Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығын, Әлімхан Ермековтің 130 жылдығын, Жақып Ақбаевтың 145 жылдығын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдығын мерекелеу жоспарланып отыр. Қасым ақынның мерейтойына орай шығармашылық зиялы қауымға арналған «Қасым үйін» ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жазушыларымыздың, ақындарымыздың, журналистердің сүйікті жиналатын және жұмыс істейтін орнына айналады деп үміттенеміз. Облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттері 90 жылдығын атап өтпек.
МӘДЕНИЕТ
Мәдениет саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу маңызды қолдау болды. 2,6 млрд. теңгеге 48 мәдениет нысаны жөнделді. Олардың арасында Жезқазған қаласы Теректі ауылының клубына, облыстық академиялық қазақ-драма театрының шатырына күрделі жөндеу, Кеншілер Мәдениет Сарайында (Қарағанды қ.) штанкет жабдығын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары облысымыздың қалалары мен аудандарының 23 мәдени-демалыс ұйымдарында, 4 кітапханада, 5 мұрағатта, 6 музейде, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында, сондай-ақ Қарағанды қаласының «Шахтер» және «Локоматив» стадиондарында жүргізілді.
Барлық бағдарламалар, сондай-ақ, қалалар мен аудандардың жергілікті бюджеттері есебінен 3 млрд. 843 млн. 244 мың теңгеге барлығы 96 мәдениет нысаны жөнделді.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінің мәдени-демалыс орталығында, Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің мәдениет үйінде және Ұлытау ауданы Жезді кентінің МДО-да күрделі жөндеу жүргізілді.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шара өткізді. Карантин кезінде мұражайлар мен кітапханалардың жұмысы лайықты бағасын алды.
Бірқатар ұйымдар мен қызметкерлер «Рухани қазына – 2020» республикалық фестивалінің жеңімпаздары атанып, республика бойынша жетекші орындарға ие болды. Орталық Қазақстанның ежелгі металлургия ескерткіштеріне (Алат), Қарашоқы қорымына (Қарқаралы ауданы), Жошы хан кесенесінің жанындағы ескерткіштерге, Теңіз, Ұлытау және Жезқазған аймақтарындағы Алтын Орда дәуірінің тарихи-мәдени ескерткіштеріне және Талды тарихи-археологиялық паркінің 6 ескерткішіне археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ашық аспан астындағы Талды тарихи-археологиялық паркін ашу жоспарлануда.
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Сіздер 2020 жылдың оңай болмағанын жақсы білесіздер. Бүкіл әлемді шарпыған коронавирус инфекциясы біздің елді айналып өтпеді. Бірақ, біз бірге осы індетке қарсы тұра алдық. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады. Әрине, әлі де шешімін табуды талап ететін мәселелер аз емес. Нақ сіздің белсенді өмірлік ұстанымыңыз, көбінесе оларды көруге және кемшіліктерімізді түзетуге көмектеседі. Бұл үшін барлығына ерекше алғыс айтқым келеді. Мемлекет басшысы біздің алдымызға экономикамызды одан әрі нығайту жөнінде жаңа міндеттер қойып отыр. Бұл іс-қимыл уақыты және біз оларды уақтылы және сапалы орындау үшін бар күшімізді саламыз. Қойылған міндеттерді бәріміз бірге орындайтынымызға және Қарағанды облысы біздің тәуелсіз Қазақстанды нығайту ісінде өзінің лайықты орнын алатынына сенімдімін.