Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысы Өзбекстанмен келісім жасасты

Ташкентте Қазақстан жылының ресми ашылуы болды. Салтанатты рәсім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бұл шараға Қарағанды делегациясы да қатысып, Өзбекстанмен туризм және жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім жасасты.

Елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда туризмге көп көңіл бөлінеді. Елбасы бұл бағытты “табыс көзі” деп атады. Мемлекет басшылары екі елдің басты рухани және тарихи орталықтарын өзара байланыстыратын туристік кластер құру мүмкіндігін талқылады.
Қарағандылықтар «Ұлы Дала мұрасы» көрмесіне қатысып, ТОП-10 туристік нысандары ұсынды. Қарағанды облысында Балқаш курорттық аймағы өсу нүктесі болып белгіленді. Көрмеге келушілер ақпараттық буклеттер мен бейнероликтердің арқасында Сарыарқаның табиғи қазынасымен жақынырақ таныса алды.
Көрмеге қатысу өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы І Өңіраралық ынтымақтастық Форумының жалғасы болды. Бұл кездесуде Қарағанды облысының әкімдігі Ташкент, Джизак, Самарқанд облыстарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Құжат туризм саласындағы байланыстарды дамытуды көздейді.
Ташкенттегі кездесуде Өзбекстаннан Балқашқа туристер ағынын ұйымдастыру және инвестиция тарту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, өзбек кәсіпкерлері жеңіл өнеркәсіп саласындағы қатынастарды дамытуға қызығушылықтарын танытты.

 

Басқа материалдар

Back to top button