Қарағанды облысы тұрғындарына үндеу
Құрметті облыс тұрғындары!
Коронавирус пандемиясына байланысты Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында карантин режимі енгізілгені белгілі. Биылғы жылдың 2 сәуірі 00.00 сағ. бастап аталған қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынады. Бұл шешім – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.
Осыған байланысты баршаңызды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Аса қажеттілік болмаса, көшеге шықпаған жөн.
Отбасы мүшелерінен бөлек үш адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынады.
65 жастан асқан адамдардың үйден шықпағаны дұрыс.
Ал, кәмелетке толмаған балалар қажетілік болғанда тек ата-анасымен бірге шығуы тиіс.
Карантин талаптарын бұзғандар заңға сәйкес жауапқа тартылатындығын ескертеміз.
Сонымен қатар дүкенге, дәріханаға немесе жұмысқа барарда қолыңызды антисептикпен жуып жүруді де ұмытпағандарыңыз абзал. Өйткені, біз тек өз өміріміз үшін ғана емес, айналамыздағы адамдар үшін де жауаптымыз. Салғырттық танытсақ, ең алдымен, отбасымыз бен жақындарымызға кесіріміз тиеді.
Құрметті жерлестер! Вирусты жеңудің жалғыз жолы бар. Ол – жеке бас гигиенасын қатаң сақтау және үйден шықпау. Осы талапты сақтасақ, індеттің таралуын тоқтатып, оны тез арада жеңіп шығуға ықпал етеміз. Сондықтан да сабыр сақтап, шыдамдылық танытсақ, бұрынғы алаңсыз күндерге тез ораларымыз анық.
Төрт көзіміз түгел, еліміз аман болсын, ағайын!
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы