Бас тақырыпБасты тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысы саудада үздік бестікке енді

Облыстық әкімдік хабарлауынша, 14 қазан күнгі Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев биылғы 9 айда сауда саласының нақты көлем индексі 108,8% болғанын мәлімдеді. Номиналды көрсеткіш 52,8 трлн. Теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5% өсті.

Сурет Облыс әкімдігінен

– Өсім елдің барлық өңірлерінде байқалады. Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер – Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары. Аталған бес өңірдің үлесіне жалпы сауда көлемінің 71,3% немесе 37,6 трлн теңге тиесілі, – деді министр баяндамасында.

Сала құрылымында көтерме сауда үлесі 66,4%: оның көлемі 35трлн. Теңгеден асып, жылдық өсім 9,6% болды. Негізгі драйверлер – шикізаттық емес тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар (үлесі шамамен 82%). Бөлшек саудада да тұрақты өсім байқалады: Нақты көлем индексі –107,1%, айналым – 17,5 трлн теңге (жылдық қосымша +2,6 трлн теңге). Өсімге азық-түлікке жатпайтын тауарлардағы 1,7 трлн теңге және азық-түлік тауарларындағы 900 млрд теңге сатылым бірдей үлес қосты. Сауда кәсіпорындары арқылы сату 6,7% артса, жеке кәсіпкерлер шамамен 8,1% деңгейінде қалыптасты. Бөлшек айналым бойынша алғашқы үштік: Алматы –32,8%, Астана – 14%, Қарағанды облысы – 7,3%. Электрондық сауда көлемі 9 айда шамамен 2,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 14% өсті.

Жамал АКПАРОВА

Басқа материалдар

Back to top button