Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысы референдумға толық дайын

15 наурызда өтетін республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Қарағанды облысында 651 референдум комиссиясы жүзеге асырады. Оның ішінде 14-і – аумақтық, 637-сі – учаскелік референдум комиссиясы.

Сурет ЖИ

Комиссиялардың құрамында барлығы 4415 адам жұмыс істейді. Олар дауыс беру процесінің заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді.

Облыс бойынша 757 671 дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру учаскелері азаматтардың еркін таңдау жасауына қолайлы жағдай жасау үшін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Референдум – елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын тікелей демократия институты. Сондықтан әрбір дауыс – аймақтың ғана емес, тұтас мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button