Қарағанды облысы прокуратурасы жанындағы Ахуалдық орталық жұмысын бастады
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы жанында Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады.
Орталықтың негізгі міндеті – азаматтардың құқықтарының бұзылуына жедел ден қою, төтенше жағдайлардың және басқа да дағдарыстық жағдайлардың зардаптарын жою барысында прокуратура органдарының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру.
Ахуалдық орталық байланыс құралдарымен жабдықталған және оның қаланың бейнебақылау жүйесімен біріктірілуі туындаған жағдайларға жедел ден қоюға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешенінің қадағалау салалары бойынша негізгі көрсеткіштермен толықтырылуы қамтамасыз етілуіне байланысты ол нақты уақыт режимінде жалпы аймақтағы жағдайды бақылауға қауқарлы.
Орталық Қарағанды облысы прокуратурасының ғимаратында орналасқан.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz