АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысы өнеркәсіп өндірісі бойынша елімізде көш бастап тұр

Қарағанды облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуде. Біздің облыс өңдеуші өнеркәсіп көлемі бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Мәселен, өткен жылы 3 трлн теңгеден астам өнім өндіріліп, бұл жалпы өңірлік өнімнің 35%-ын құрады. Бұл туралы Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңірде елдегі кокстелетін көмірдің барлығы, энергетикалық көмірдің үштен бірі, түрлі-түсті және бағалы металдардың елеулі бөлігі, сондай-ақ жалпақ илемнің 100%-ы өндіріледі. Бұл – өңір мен тұтастай елдің өнеркәсіптік қуатының негізі.

– Бизнес өсімі мен инвестиция тартуға, экономиканың түрлі салаларын дамытуға жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде облыс ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып, жалпы ішкі өнім көлемі бойынша төртінші орынды иеленіп отыр. Өткен жылы экономикалық өсім қарқыны 8,8%-ға жетіп, бұл оң динамика сақталып келеді. Мұның барлығы мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді Әлібек Үсенұлы.

Экономикалық өсім деңгейі тікелей инвестициялық белсенділікке байланысты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құрады.

2025 жылы 1,5 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Оның ішінде 723 млрд теңге немесе 50%-ы өнеркәсіп саласына бағытталмақ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button