Ресми

Қарағанды облысы өнеркәсіп басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы қызметіне бұған дейін жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған Дарын Бұлқайыр тағайындалды.

2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте істеп келеді. Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2013 жылдан 2015 жылға дейін “Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі” ММ бас маманы, басшысының орынбасары болды.

Содан кейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман-заңгер, бюджетті атқару бөлімінің бас маманы, мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасын басқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button