Жаңалықтар

Қарағанды облысы Мемлекеттік Рәміздер күнін тойлауда

Биыл Қазақстан мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өтуде. Қарағанды облысында осы күнге орай вело-және автошерулер, концерттер, челлендждер, көрмелер, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Оған өңірдің барлық қалалары мен аудандары қатысады.

Облыстағы бұқаралық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.

Қарағанды мемлекеттік рәміздер күнін спорттық бағытта атап өтті. Тутұғыр алдындағы алаңда құттықтау бағдарламасынан кейін веложарыс басталды.

Оған кәсіби мамандар да, велоспорт әуесқойлары да қатыса алды.

Іс-шараға атақты спортшылар да қатысты, олардың арасында 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиада ойындарында КСРО велоспортынан олимпиада құрамасының капитаны Анатолий Степаненко да болды.

– Қарағанды облысы әрдайым жарқын және талантты спортшылармен танымал болды. Ал бүгінде қарапайым қарағандылықтар да велосипедпен жүріп, салауатты өмір салтын ұстанады, – дейді Анатолий Степаненко. – Веложарыс маңызды шара. Ол халықты біріктіреді. Мұнда өз елінің нағыз патриоттары жиналды. Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтағым келеді.

Қашықтыққа 200-ден астам адам шықты.

Мереке барлық буын өкілдерін біріктірді.

Мемлекеттік рәміздер алаңында велосипедшілер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, тәуелсіздік монументінің алдында мәреге жетті.

Қала орталығында «Менің туым, менің мақтанышым» патриоттық акциясы жалғасты.

«Қарағанды» қонақ үйінің балкондарына 25 мемлекеттік ту орнатылды.

Еріктілер тұрғындарды тәтті сыйлықтармен және жалаушалармен қуантты.

Теміртауда салтанатты шеру ұйымдастырылды.

Спортта, ғылыми және шығармашылық қызметте ерекшеленген жастар қаланың орталық көшесіне Қазақстанның туын желбіретті.

Металлургтер ескерткішінің жанында концерттік бағдарлама өтті, онда Тәттімбет атындағы халық аспаптары оркестрінің және Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің музыканттары өнер көрсетті.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы академиясының құрметті қарауыл ротасының шеруі өтті.

Облыстың көптеген қалалары мен аудандарында мемлекеттік рәміздер күніне орай авто-, мото – және веложарыстар өтті.

Саран көшелерімен 12 аппақ жеңіл автокөлік.

Және Мемлекеттік туы бар 10 мотоцикл жүріп өтті.

Абайда автошеруден басқа жастар концерт ұйымдастырды.

Абай ауданының Южный кентінде ұлттық ат спорты түрлерінің фестивалі өтті.

Приозёрск қаласында 30 жеңіл автокөлік пен 100-ден астам велосипедші қала көшелерімен жүріп өтті.

Салтанатты шара орталық алаңда мерекелік концертпен жалғасты.

Онда «Жыл мекемесі – 2022» қалалық байқауы аясында гір көтеруден жарыс өтті.

Ұлытау ауданында көлік шеруі өтті.

Тұрғындар үшін әртістер концерттік бағдарлама дайындады.

Нұра ауданында мерекеге орай Ауған соғысының ардагері Болат Бөстекбаевты еске алуға арналған ерлер командалары арасында волейболдан облыстық турнир өтті.

Жаңаарқа ауданының тұрғындары мерекелік концерттік бағдарлама жоспарланған.

Сондай-ақ, ат шеруі мен автожарыс ұйымдастырылды.

Шет ауданының орталығы «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджін қолдады.

Елді мекен тұрғындары Бас мемлекеттіліктің нышанын балкондарында және терезелерінде іліп, мерекені атап өтуге үлестерін қосты.

Шахтинск Жастар орталығының қызметкерлері мен еріктілері қала көшелерінде мерекелік күнге орай шоколад, шарлар және жалаушалар таратты.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі кітапханалық іс-шаралар өткізілді.

Гоголь атындағы облыстық кітапхана оқырмандарға «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны» ақпараттық стендіндегі кітаптар жинағын ұсынды.

Абай атындағы балалар кітапханасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастар үшін «Тарихтан туған символика» ақпараттық сағаты өтті.

Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының алаңында «Оқуға құштар оқырман» атты ашық аспан астындағы оқу залы өз жұмысын бастады.

Мұнда балаларға арналып мемлекеттік рәміздерді білуге арналған ойындар мен викториналар өткізілді, Қазақстанның туы мен елтаңбасы туралы әңгімелейтін әдебиеттермен және альбомдармен таныстырды.

Мұражайлар интерактивті-танымдық бағдарламалар дайындады.

Теміртаулық тарихи-өлкетану мұражайында «Шифр» зерттеу-шарасы өтті. Балаларға түрлі экспонаттар арқылы мемлекеттік рәміздердің ғылыми детализациясын өткізілді.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайымектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері үшін «Тарихтан туған рәміздер» сабағы мен викторина өткізді.

Жас қарағандылықтар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы білді.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі. Олар оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Басқа материалдар

Back to top button