Жаңалықтар

Қарағанды облысы мектептерінде компьютерлер толық жаңартылды

Қарағанды облысында 504 мектеп бар, онда 203 мың оқушы оқиды. Олардың 60%-ы онлайн режимде білім алып жатыр. Сонымен қатар, 5 мың кезекші сынып құрылды, онда бастауыш сынып оқушыларының 38%-ы оқиды. Шағын шалғай ауылдарда орналасқан 228 ауылдық мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде.

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда Қарағанды облысының мектептерінде компьютерлік парк толық жаңартылып, 47,5 мыңнан астам бірлікті құрады. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 мыңға жуық роутер таратылды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 58,2 млн теңгеге 3 216 модем сатып алынды, 2 812 бала үшін 26,9 млн теңгеге теңгерім толтырылуда, – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Өңірде сонымен қатар мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілді.

Басқа материалдар

Back to top button