Ресми
Қарағанды облысы имамдарына арналған «Фиқһ дәрістері» атты семинар өтті
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында оқу-ағарту бағыты бойынша өңір имамдарының білімін жетілдіруге арналған «Фиқһ дәрістері» атты кезекті семинар болып өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz ihsan.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен өткен семинарға Қарағанды облысына қарасты барлық дін қызметкерлері қатысты.
Семинарды «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы жүргізіп, фиқһ саласы бойынша дәріс оқыды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сертификаттар табыстады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.