Қарағанды облысы: дамудың жаңа мүмкіндіктері Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті жерлестер!
Өткен жыл аймағымыз үшін ілкімді істерге толы болды. Облыс экономикасын дамытудың негізгі бағыттары «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және ел дамуының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының негізгі ережелерінде көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланды.
Экономиканың түрлі салаларының қорына талдау жүргізіп, тәуекелдерді анықтадық және жоспарланған шараларды орындау үшін жыл бойына әдістемелік жұмыстар жасадық. Облыстың проблемаларын шешіп, инвестиция тартуға бар күшті жұмылдырдық.
Аймақ «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізуге белсене қатысты. Өзіміздің жобаларымыз ұсынылып, қазіргі таңда таңдап алынған шетелдік жобаларды іске асыруда жұмыстар жүргізілуде.
Жүзеге асырылған жобалардағы бюджеттік шығындарды үнемдеу үшін қоғамдастықтар барынша тартылды. Соның нәтижесінде, облыс экономикасында өткен жылы өсімнің қарқын алуына қол жеткіздік.
Қысқамерзімді экономикалық индикатор 4,1% өсіммен қамтамасыз етілді.
Базалық салалардың нақты секторындағы өсім өнеркәсіпте – 4,1%, ауыл шаруашылығында – 1,6%, құрылыста – 8,6%, оның ішінде, пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі – 9,8%-ды құрады.
Қызмет көрсету саласында сауда-саттықтың көлемі 7,1%-ға, көлік саласындағы қызметке 4,6%-ға өсті.
Орташа есепті жалақы 146 965 теңгені құрады.
Облыс бюджетіне 136,9 млрд.теңге қаражат түсті немесе жоспар 105%-ға орындалды.
2018 жылға қарастырылған облыс бюджеті тұрғындар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауды, тұрақты экономикалық өсім үшін алғышарттар жасау бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін нығайту үшін 2018 жылдан бастап облыста аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент, ауылдық округтерге дербес бюджетті енгізу кезең-кезеңмен жүргізілуде.
2 мыңнан астам тұрғыны бар 47 елді мекенге өткен жылдың желтоқсанында дербес бюджет бекітілді. Ал, 2020 жылдан бастап, дербес бюджет облыстың қалған 155 елді мекеніне берілетін болады.
Өнеркәсіп
Өнеркәсіптің жекелеген салаларын қалпына келтіруге бағытталған шаралардың бүтіндей кешенін жүзеге асыру өндіріс көлемінің тұрақты өсімін және жаңа кәсіпорындарды іске қосуға мүмкіндік берді.
2017 жылы облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі – 2,3 трлн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 104,1%.
Тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 109,2%-ды құрады немесе 271,2 млрд.теңге.
Көмір, лигнит, темір, түсті металл кенін алу, тау-кен өнеркәсібінде техникалық қызмет көрсету көлемі артты.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,8 трлн. теңгеге жетті, былтырғы жылдан 3,2%-ға көп.
Химия өнеркәсібі өндірісінде, фармацевтикада, қара және түсті металлургияда және машинақұрастыруда өсім бар.
Кәсіпкерлікті қолдау картасы
Қарағанды облысының Индустрияландыру картасында бүгінде 11,5 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 103 жоба бар. Бүгінде 252,1 млрд.теңгенің 84 жобасы жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.
2017 жылы 7,7 млрд. теңгенің 8 жобасы іске қосылып, 301 жұмыс орны құрылды.
Карта жобаларының жалпы өндіріс көлеміндегі өнеркәсіптік үлесі – 192 млрд. теңге немесе 8,4%.
Картаның 16 жобасы Кеден одағындағы елдерге, Түркияға, АҚШ-қа өнімдерін экспортқа шығарады. Сонымен бірге, Картаның 16 инвестициялық жобасы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылуда.
2018 жылы жалпы сомасы 72 млрд.теңге болатын 5 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жұмысын бастағанда мыңдаған жұмыс орны құрылады. Олардың қатарында – машинақұрастыру өндірісін жаңғырту, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу кәсіпорнының ашылуы, мыс, ферросилиция өндірісі зауытының құрылысы және алтын алушы компания өндірісін кеңейту бар.
Технологиялық жаңғырту
2017 жылы жаңғырту және цифрландыруға облыс кәсіпорындары 11 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да өндірістік процестерді басқарудың МЕS жүйесі дайындалды.
«Сарыарқа» АЭА-да іске қосылған «Recycling company» ЖШС-де автокөліктерді утилизациялауда өнеркәсіп интернеті технологиясы енгізілген.
«Бемер Арматура» ЖШС интернет арқылы бағдарламалауға, басқаруға және зауыттың құрал-жабдықтарына қызмет көрсетуді әлемнің кез келген жерінен мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізді.
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де шикізатты дайындауды және өңдеуді бақылайтын технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйесі орнатылды.
«Қазақмыс» гидрометаллургия-жаңа инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сондай-ақ, кен өнімділігін жылына 3,5-тен 4 млн. тоннаға дейін арттыру арқылы Нұрқазған байыту фабрикасын қайта жөндеу жобасы жүргізілуде.
«Шұбаркөлкөмір» АҚ кәсіпорынды біріктірілген жүйе арқылы басқаруды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, ол жүйе ішінара жоспарлауды, қаржылық есепті, жабдықтауды, өндіріс көлемін, жөндеу және персоналды басқаруды байланыстырады.
«Жәйрем КБК» АҚ жобалық қуаттылығы жылына 5 млн. тонна болатын полиметалдық кен өңдеудің жоғары автоматты байыту фабрикасының құрылысына кірісуде.
«Алтын Алмас» тау-кен металлургиялық кәсіпорнында 2020 жылға дейін «Цифрлы кеніш» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл барлық өндірісті онлайн тәртіпте бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіргізуді көздейді.
2018 жылы жаңғыртуға және цифрландыруға облыс кәсіпорындары 270 млрд.теңге жұмсауды жоспарлауда.
Инвестициялар
Аймақ экономикасына тартылған инвестиция көлемі 10%-ға өсіп, 358,8 млрд.теңгені құрады.
Инвестиция тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөнінде кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Оның құрамына инвесторлар, ірі бизнес, даму институттары және мемлекеттік орган өкілдері кірді.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында инвестицияға қатысты трансұлттық компанияларды тарту міндеті қойылды.
Мәселен, Қаражал қаласында американдық «Halliburton» компанияcы барит кенін өңдеу бойынша «Кarazhal operating» ЖШС өндірісін іске қосты.
Осакаров ауданында тікелей шетелдік инвестиция арқылы трансұлттық «Саrmeuse Group» бельгиялық корпорациясы есебінен жоғары сапалы әк өндірісінің зауыт құрылысы жоспарлануда.
Ірі швейцариялық компания “Glencore International” “Жәйрем КБК” АҚ-да байыту фабрикасының құрылысын іске асыруда.
«Қазгеология» АҚ мемлекетік бағдарлама аясында және атақты «Рио Тинто» аустриялық-британдық концерні Қарағанды облысының минералды-шикізаттық базасын кеңейту үшін геологиялық барлау жүргізуде.
Инвесторларды тарту үшін «Сарыарқа» арнаулы экономикалық аймағында барлық жағдай жасалған. Осы уақытта АЭА-ның қатысушы мәртебесін 12 компания иеленген.
Еске сала кетейін, АЭА-ның қатысушылары салық міндеттемелері бойынша нөлдік пайыздық мөлшерлеме түрінде басымдықтарға ие.
2018 жылдың қорытындысында біз инвестиция тарту көлемін 4,5%-ға арттыруды қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.
Агроөнеркәсіп кешені
2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 246,5 млрд. теңгені құрады, нақты индекс көлемі – 101,6%.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 14,6 млрд. теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді, ол 2016 жылға қарағанда 39,5%-ға көп.
9,7 млрд.теңге инвестицияланды, өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, 106,0%.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында, қолайсыз ауа райына қарамастан өткен жылы ауыл шаруашылығындағы дәнді-дақылдар жақсы өнім берді.
2017 жылы жаздық егіс 863 мың гектарды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 54 мың гектарға артық болды. Оған қоса, дәнді және дәнді-бұршақты аудандардың диверсификациясы жоспар бойынша 47 мың гектарға, майлы дақылдар 1 мың гектарға және көпжылдық шөптер 7 мың гектарға артты.
6 мың тонна элиталық бидай себілді немесе 2016 жылға қарағанда 58%-ға жоғары.
817,7 мың тонна бидай бастырылды, орташа өнімділік – 10,3 га/ц.
Жоғары өнімділік екінші нан аталған – картопта қол жеткізілді. Облыс бойынша 322,5 мың тонна картоп жиналды, онда орташа өнімділік – 250 га/ц.
2,8 мың гектардан көкөніс жиналды, жалпы жиын-терім – 101,9 мың тонна.
Ылғал сақтағыш технологияны қолданудың алаңы 600 мың гектарға дейін молайды.
Мал басының өсуі және өндіріс көлемінің артуы байқалады. Жалпы, мал саны қой мен ешкіден басқа түлікте өскен. 135,7 мың тонна ет өндірілген, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4%-ға артық, сүт өндірісі – 4,6%-ға, жұмыртқа 1,2%-ға көбейген.
Мал басын асылдандыруда ірі қараның үлесі 5%-ға, жылқы -11,8%-ға және шошқа 33,1%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жалғасуда.
2 жыл ішінде 2537 жеке қосалқы шаруашылықты тарту арқылы облыста 93 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. 9455 ірі қараға 903 отбасылық бордақылау алаңы құрылды. Жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ, құрал-жабдық құнының 50%-ын өтеу бойынша 122 млн.теңге сомасында мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Облыс өңірлерінде жаңа, соның ішінде, инновациялық өндірістерді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 22,3 млрд.теңге болатын 22 инвестициялық жоба жүзеге асты. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайтуға және аймақ тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ірі жобалар бар.
Мысалы, Бұқар жырау ауданының «Жаке» ШҚ «10 мың ірі қараға бордақылау алаңының құрылысы» жобасы және Осакаров ауданы «Еңбек-95» ЖШС «600 басқа МТФ құру» жобасы мал өнімдерін ет және сүт шығаруды арттыруға мүмкіндік береді және сол арқылы ұқсатушы кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етеді.
Сәтбаев қаласындағы «Ахтямов Р.Н» ШҚ құс фабрикасын кеңейту және жаңғыртуы Жезқазған өңірін жұмыртқамен қамтуға ықпал етеді.
Сыртқы нарықтарға шығаруда жұмыстар жандандырылуда. 2017 жылы экспорттың көлемі 40,8 млн. АҚШ долларынан астам сома болса, өнім көктемі 190 мың тоннаны құрады.
Біріккен Араб Әмірліктеріне қойды экспорттау жолға қойылды. Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» асыл тұқымды зауыты келісімшарт бойынша БАӘ-не шамамен 1,2 мың қойды экспорттады.
Жерді ұтымды пайдалану
Жерді ұтымды пайдалану мақсатында ауылдық округтер бөлінісінде ауыл шаруашылығы айналымына жер қорларын тартудың жоспары дайындалды.
2017 жылы облыста ауыл шаруашылығы айналымына 771,2 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары тартылды, оның ішінде, шабындық – 43,3 мың гектар, ауыл шаруашылығы алқаптарын тартуда жоспарды орындау 154,2%-ды құрады.
Ветеринария
2017 жылы эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге 829 млн.теңге бөлінді.
Төрт түліктің аса қауіпті індеттеріне қарсы ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық шаралар жоспарға сай жүргізілді.
Мал өлексесін жағатын үш жылжымалы пеш алынды.
Облыс қалалары мен аудандарының 170 ветеринарлық пунктін сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылды. Бүгінде барлық ветеринарлық пункттер интернетке қосылған.
Құрылыс
2017 жылы 5 әлеуметтік маңызды нысан тұрғызылды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көзі нашар көретін балаларға арналған 250 орынды мектеп-интернат тұрғызылды.
Соңғы 25 жылда бірінші рет Қарағанды қаласы ІІБ Киров полиция бөліміне ғимарат салынды, сондай-ақ, Қарағанды қаласында және Нұра ауданының Шахтерское ауылында бассейні бар екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Абай ауданы Абай қаласында жабық бассейн салынды.
«Нұрлы жол» бағдарламасымен Қарағанды қаласында 1200 орындық, Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылында 464 орындық, Теміртау қаласында 600 орындық – 3 мектептің құрылысы жүргізілуде, білім нысандарын дамыту бойынша Қарағанды қаласының 30 шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы басталды.
«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 739 пәтер мемлекет инвестициясы есебінен салынды, тұрғын үй құрылысы аудандарында 68,7 шақырым инженерлік желі тартылды.
Сәтбаев қаласына тұрғындарды көшіру үшін инженерлік желілермен 25 бесқабатты тұрғын үйдің құрылысы жалғасып, 21 тұрғын үй құрылысы аяқталды.
Барлығы облыста бір жыл ішінде 374 мың шаршы метр тұрғын үй (3393 пәтер) салынды, 45,1 млрд. теңге инвестиция құйылды. 12 елді мекеннің бас жоспары дайындалды.
Көлік және жолдар
Облыстың көлік-логистикалық кешенін дамыту – мультимодальді көліктік дәлізді құрудағы басым бағыттың бірі болып табылады.
2017 жылды қорытындылай отырып, жол құрылысы және көлік саласын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды деп сенімді түрде айтуға әбден болады, 33,5 млрд.теңгеге жалпы қолданыстағы 863 шақырым автокөлік жолдарына жөндеу жүргізілді. Екі мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Республикалық маңыздағы автожолдардың 477 шақырымы, облыстық маңыздағы жолдардың 61 шақырымы, қалалық және аудандық маңыздағы жолдардың 325 шақырымы жөнделді.
«Орталық-Оңтүстік» көліктік дәлізінің реконструкциясы жалғасуда: «Анар-Теміртау» учаскесі аяқталып, пайдалануға берілді (93 шақырым), учаскені көлік торабы, көпірлері және бөлу кедергілері бар 6 жолақты автобанның бірінші техникалық санатына өткізу арқылы Қарағанды-Теміртау (15 шақырым) магистралінде жұмыстар басталды.
Жалпы құны 35,1 млрд. теңге болатын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс (48,3 шақырым) айналма жолын қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.
Облыстық маңызға ие «Абай-Қарабас-Жартас-Долинка» (17 шақырым) жол учаскелерінде жұмыс жалғасып, 2018 жылы аяқталады және «Ақтоғай-Балқаш» (20 шақырым) учаскесінің күрделі жөндеуі, 2015 жылы жауын-шашын шайып кеткен 4 көпірді қайта жөндеу жалғасты.
Ірі қалалар – Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаштың жолдарын жөндеуге баса назар аударылды, 237 шақырым жөнделіп, жоғарыда аталған қалалардың 164 көшесіне жалпы 358 мың тонна көлемде асфальт төселді, бұл өңірдің жолинфрақұрылымы дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге, жол-құрылыс материалдары өндірісі индустриясының да соған сай екенін көрсетеді.
Жалпы, жылжымалы құрамы 1600 бірлік болатын 61 тасымалдаушы арқылы қызмет көрсетуді ұйымдастыруда жүйелі түрде 247 автобустық маршрут жолға қойылды.
Облыс орталығындағы қалаішілік бағытта электронды билет жүйесін енгізу жұмыстары басталды.
«Қарағанды-Жезқазған» теміржол қатынасын жаңарту мәселесі шешілді, облыстық бюджеттен қосымша 236 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
«Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ есебінен облыс орталығындағы теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау басталды. Биылғы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланған. Новосібір қаласына рейстер жаңартылды.
Өткен жылдың жаз айларында халықаралық Қарағанды-Анталия бағытына ұшудың жиілігі аптасына 2-ден 4-ке дейін ұлғайтылды.
Облыс үшін Жезқазған және Балқаш қалаларының әуежайлары да айтарлықтай маңызға ие.
Былтыр Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арқылы Балқаш қаласы әуежайының ұшу-қону жолақтарына күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінді.
Күрделі жөндеуден кейін әуежайда 1 класты үлкен жүк ұшақтарын қабылдау қамтамасыз етіледі, бұл жүйелі рейстерді ашуға және туризмнің дамуына қосымша мүмкіндік бермек.
Бизнес
Бизнесті табысты дамыту кепілі – бизнестік ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейтуде жүргізіліп жатқан жұмыстар болып табылады.
2017 жылы Қарағандыда «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын толық форматты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.
Әкімдіктер мен басқармалардың сайттарында ашық қолжетімділікте Бос жер телімдерінің картасы мен Ірі кәсіпорындардың бос тұрған үй-жайларының картасы жасалды және орналастырылды.
Бизнестің проблемалық мәселелерін жедел түрде шешу үшін Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша тарифтік мөлшерлемелер (Қарағанды қаласы бойынша заңды тұлғаларды сумен қамтамасыз ету қызметтері) мен мемлекеттік сатып алулар саласындағы мәселелер шешілді.
2017 жылы, өткен жылмен салыстырғанда, тексерулер саны 20%-ға азайды, 2018 жылы бұл көрсеткішті 30%-ға азайту жоспарлануда.
2017 жылы бизнеске нақты қолдау көрсету үшін жаңа «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру болды. 827 адам бизнесті дамытуға 4,5 млрд.теңгеге шағын несиелер алды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша облыстағы 249 кәсіпорын бизнеске қаржы жүктемесін төмендетіп, жаңа жобаларды іске қосты. Бұл өңір экономикасына 31,7 млрд. теңге инвестиция тартып, 2,7 млрд. теңге салықпен бюджетті толықтырды, 9,8 мың жұмыс орны сақталды және жаңасы құрылды.
2017 жылы 1500-ге тарта тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы 11,2 млрд. теңгеге сауда және қызмет саласында 138 жоба жүзеге асырылды.
Қарағанды облысының 6 жоғары оқу орнының қатысуымен «Студенттік ортада жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құру» бағдарламасы іске қосылды.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында 2017 жылдың қараша айында Жастар кәсіпкерлігінің республикалық форумы өтті.
Бизнеске арналған үлкен демеу – жергілікті бюджеттерден бөлінетін әкімдердің гранттары. 2017 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға 26,7 млн.теңге көлемінде 62 грант бөлінді.
Бір жылда атқарылған жұмыс қорытындысы ШОБ тіркелген субъектілерінің санының артуы болды. Сонымен қатар, 25,6%-ға ШОБ тауарлары мен қызметтерінің көлемі артты, бизнеспен айналысатындар саны 3,7%-ға ұлғайды.
«ЭКСПО – 2017»
«ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында облыс бойынша жасыл энергетика саласындағы 7 жобаның тұсауы кесілді.
Бүгінгі таңда 3 жоба пайдалануға енгізілді. Олар – Дубовка кентіндегі биогазды қондырғы, «Ынтымақ» су қоймасындағы шағын ГЭС және инновациялық газ тазалау технологиясы.
4 жоба жүзеге асырылу кезеңінде. Олардың арасынан Саран қаласындағы еліміздегі ең ірі, 100МВт-қа арналған күн электр станциясының құрылысын атап өтуге болады.
Өз кезегінде Қарағанды облысы «ЭКСПО – 2017» көрмесінде ұсынылған шет мемлекеттердің технологияларын енгізу мүдделілігін білдірді.
Бүгінгі таңда «ГорКомТранс» ЖШС кәсіпорны финдік «SetCleanTech» компаниясымен бірлесе отырып, Қарағанды қаласында қоқысты қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады. 2020 жылдың басында зауытты іске қосу жоспарда.
Сонымен қатар, «ҚазақмысСмэлтинг» ЖШС кәсіпорнының базасында түтін газын кәдеге жаратуда технологияларды пайдалану мүмкіндігі туралы қытайлық «ChinaEnergyCompanyLimited» энергетикалық компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік
2017 жылы 7 млрд. 41 млн. теңгеге МЖС 21 шарты жасалып, барлық жобалар әлеуметтік салада жүзеге асырылды.
2 млрд. 101 млн. теңгені құрайтын 9 жобаның тұжырымдамасы әзірлік үстінде.
Қазіргі таңда биылғы жылы жүзеге асыру жоспарланып отырған 50 жобаның пулы қалыптастырылуда.
Жекешелендіру
2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау нәтижелері бойынша біздің облысымыз республика бойынша алтыншы орында.
2017 жылдың жоспары толық орындалды.
15 ұйым бойынша сауда-саттық өткізілген және жергілікті бюджетке 235,5 млн.теңге қаржы түсті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2017 жылы коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды жұмыстар атқарылды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2-да 2017 жылы екі қазандық пен турбиналарға іргелі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, жөндеу жұмыстарының құны мен жұмыс көлемі орташа жылдық есептік көрсеткіштен екі есе жоғары болды.
«Қазақмыс Энерджи» ЖШС станцияларында инвестициялық бағдарлама аясында қазандықтар мен турбиналарды орнату жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Топар ГРЭС-і, Балқаш ЖЭО-ы, Жезқазған ЖЭО-да қазандықтар мен турбиналарды алмастыру жұмыстары жүргізілуде, бұл берілетін электр энергиясын 130 Мвт-қа арттырады.
Бекітілген инвестициялық бағдарламалар мен іргелі жөндеу жұмыстары бағдарламасы аясында «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Жезқазған ӨЭК» АҚ, «Қарағанды ӨЭК» ЖШС электр желілерін қайта құру мен құрылысын, аралық станциялардың жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлауда. 8,1 млрд. теңгеге 329,9 шақырым электр желілері мен 94 аралық станцияны жаңғырту қарастырылуда.
«Smart city» тұжырымдамасына сәйкес, инфрақұрылымдық нысандарда зияткерлік басқарудың заманауи технологияларын енгізу мен энергияны сақтау саясатына, «таза» энергияны дамытуға ерекше назар аударылуда.
2017 жылы энергияны сақтау мен энергия тиімділігін арттыру шараларына 12 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл 111 млн. теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Тұрғындарды жылумен сапалы қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасы аясында Қарағанды қаласындағы Пришахтинск шағын ауданының “М-8” жылу магистралін қайта құрылымдау аяқталды. Бұл 31 мыңнан астам тұрғынды сапалы түрде жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Абай қаласындағы Калинин көшесі бойындағы 2 шақырым жылу желісі, Қарағанды қаласында Құрылысшылар даңғылы бойындағы ұзындығы 0,9 шақырым жылу желісі қайта жөнделді. Бұл 25 мың тұтынушыны сапалы түрде жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Саран қаласы, Ақтас кентіндегі 20 көп қабатты тұрғын үй мен 3 әлеуметтік нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін қуаттылығы 11,2 Гкал автономды блокты модульді қазандық пайдалануға берілді. Жылу маусымының басынан қазандық штаттық режимде жұмыс жасауда.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде 5 көп қабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін қуаттылығы 200 кВт модульді қазандық пен Ақтас кентінде жылу желілері салынды.
Жылу маусымына дайындық мақсатында барлық көздерден 51,6 млрд. теңге бөлінді, бұл 2016-2017 жылғы жылу маусымына дайындықпен салыстырғанда 7,5 млрд. теңгеге артық.
Облыс бойынша жөндеу жұмыстары кестеге сай 100% орындалды.
2017 жылы 172,16 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желілері салынды және қайта жөнделді.
Бүгінгі күні ауылдық елді мекендердің 231-і немесе 55%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталған, ал қалалар бойынша бұл көрсеткіш – 85,6%.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Қарағанды қаласындағы №10 өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта жөндеуге 3,5 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қайта жөнделген желінің ұзындығы – 17,958 шақырым. Бүгінгі күні 3,5 млрд теңге қаражат 100% игерілді. Нысанның аяқталу мерзімі – 2018 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының 320 мың адамы тұратын орталық көшелерінен ағын суларды сапалы бұрумен қамтамасыз етілетін болады.
Елді мекендерді жерасты суларының қорымен қамтамасыз ету бойынша іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. 2017 жыл қорытындысы бойынша геологиялық барлау жұмыстары 45 ауылдық елді мекенде және облыстағы 2 кен орнында аяқталған. 2018 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланған 44 ауылда және 2 кен орнында жұмыстар басталды.
Сонымен қатар, облыстағы 45 ауыл бойынша іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, жұмыстарды 2018 жылдың наурыз айында бастау жоспарда.
Саяқ кентін сумен қамтамасыз етуге арналған су іркуіш құрылғысын салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды.
Тұрғын үй қоры
Көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылы қайтарылма қаражат есебінен Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларындағы және Жаңаарқа ауданындағы көп пәтерлі 21 тұрғын үйге жөндеу жұмысы жүргізілді. Қалған алты үйге 2018 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, биылғы жылы жаңғырту бағдарламасына тағы 10 тұрғын үй кіреді.
Абаттандыру
Облыстың қалалары мен аудандарындағы 110 аула төңірегін, 7 саябақ, 48 шағын бақты абаттандыруға 2017 жылы бюджеттен 3,8 млрд. теңге бөлінді.
Қарағанды облысындағы елді мекендердің сыртқы келбетін жақсарту мақсатында оларды көгалдандыру, санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша көктемгі және күзгі айлықтар өткізілді. Аталған жұмыстар жалғасатын болады.
Экология
Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында қалдықтардың айналысы саласына ШОБ кәсіпорындарын тарту мен оларды жеке жинауды енгізу шаралары жүргізілуде. Соңғы 3 жылда облыстың ҚТҚ қайта өңдеудегі үлесі 2-ден 10 %-ға дейін артты.
2017 жылы пайда болған 650 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық сұрыптаудан өтіп, 65 мың тоннасы әрі қарай өңдеуге жіберілді.
Автомобильдерді кәдеге жарату зауыты іске қосылды.
Қоқысты бөлек жинауды насихаттау акциясы жүргізілуде, оның ішінде «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» дәстүрлі акциясын айтуға болады.
Тасқынға қарсы іс-шаралар
Тасқын судың алдын алу мен қауіп-қатерді жою бойынша тұрақты түрде кешенді шаралар жүргізілуде.
2017 жылы көктемде 36,2 шақырым қашықтықта қорғаныш бөгеттері тұрғызылып, 11,44 шақырым бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді, 8 шақырымға қауіпті өзен арналары тазаланды.
Өзендердің арнасынан тасуларын, су шайып кетулерді, жолдардың бұзылуларының алдын алу үшін жалпы сомасы 618 млн. 650 мың теңгеге 3 көпірге және 54 су өткізу құбырларына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарындағы (Чкалов, Садовое, Т.Әубәкіров, Жарлы, Тассуат, Майоровка ауылдары) тасқынға қауіпті елді мекендерде 6 қорғаныш топырақ үйінділері тұрғызылды.
2018 жылдың наурыз айының соңына дейін екі өзенге (Абай ауданындағы Топар және Қарағанды қаласындағы Солонка) ЖСҚ әзірлеу аяқталды.
2018 жылғы тасқынға дайындық барысында Қарағанды облысының гидротехникалық құрылғыларына 295,9 млн. теңгеге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 27 шақырым қорғаныш бөгеттері салынды, 12 шақырым қорғаныш үйінділері тұрғызылды, 10,7 шақырым бөгетке жөндеу жұмыстары жүргізілді, 7 шақырымға тарта тасқын кезінде қауіпті өзен арналары тазаланды.
Тасқынға қарсы шараларды жүргізу бақылауда.
Жұмыспен қамту
2017 жылы жұмыспен қамту шаралары бойынша 59 312 адам қамтылды. 49 969 адам жұмысқа орналастырылса, 1 365 адам мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалар бойынша жұмыспен қамтылды.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында:
– 7 957 адам ТжКББ базасында және қысқа мерзімді курстардан өтті. 2018 жылдың 1 қаңтарында қысқа мерзімді оқыту курстарын 6 418 адам аяқтаса, оның 76%-ы жұмысқа орналастырылды.
1313 адам «Бастау – Бизнес» ҰКП жобасының аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 827 адам кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласын дамытуға несие алды. 1 750 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылды.
Тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеді.
Жылдың басынан жұмыспен қамту органдарында 485 аз қамтылған отбасы немесе 1 954 адам есепте тұр. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 23,4%-ға төмен.
Тіркелген кедейлік деңгейі 0,1 %-ға дейін төмендеді.
2017 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 433,2 млн. теңге әлеуметтік төлем төленіп, 2 822 адамға жалпы сомасы 81,9 млн. теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.
Білім беру
Білім саласындағы негізгі міндет – қолжетімділік пен сапаны қамтамасыз ету.
2017 жылы білім беру саласының бюджеті 12%-ға өсіп, 94,5 млрд. теңгені құрады.
Апаттылық және үш ауысыммен оқу проблемаларын шешу үшін 5 мектептің құрылысы жүргізілуде (Қарағанды, Теміртау қалаларында, Ақтоғай, Ұлытау аудандарында), биылғы жылы тағы бір мектептің құрылысы басталмақ (Жезқазған қаласы). 4,5 млрд. теңгеге 213 білім беру ұйымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған, оның ішінде ІТ-құзыреттіліктегі мектеп ашылды.
Жұмыстағы негізгі бағыттардың бірі – жеке инвестиция тарту.
Жеке балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыс көлемінің артуы білім беру саласына деген бизнестің қызығушылығын белсенділендірді. Бір жылдың ішінде жеке мектепке дейінгі ұйымдарды ашу есебінен 2 800 орын құрылды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы 3 025 жаңа орын құрылып, ол 1-і ден 6 жасқа дейінгі балаларды 88,3%, 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 98,5%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.
Барлық қалалар мен аудандарда робототехника зертханаларын алуға қаржы бөлінді. Нәтижесінде, олардың саны 47-ден 200-ге дейін артқан.
Биылғы жылы робототехника зертханалары барлық орта және негізгі мектептерде құрылатын болады. Қала мектептерінде зертхана базасында технопаркетрді құру жұмыстары басталады.
2016 жылдан білім беру мазмұнын жаңартуға көшу басталды. Оның табыстылығы ең алдымен педагогтарға, олардың кәсіби шеберліктері мен құзыреттіліктеріне байланысты. Облыста жаңа бағдарламалар бойынша курстық дайындықтан мектеп мұғалімдерінің шамамен 40%-ы өтті.
2019 жылы республикада жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту үш тілде жүргізу басталады. Облыстағы 55 пилоттық мектепте 7 сыныптан бастап осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту жүргізілуде. Келесі оқу жылында 14 мектепте 5 сыныптан бастап үш тілдік оқытуды енгізу жоспарлануда.
Білім сапасы заманауи техникалық қолдауға тікелей байланысты. Осы мақсатта облыста білім беруді цифрландыру жүргізілуде. Жүзеге асырылып жатқан жобалар мұғалімдердің еңбек шығындарын қысқартып, сабаққа дайындалу уақыттарын үнемдеумен қатар, сыбайлас жемқорлық бойынша қауіп-қатерлердің алдын алуға көмектеседі. «МДББҰ электронды кезек» жобасын енгізудің өзі сыбайлас жемқорлық бойынша қауіп-қатерлердің 12 түрін жоюға мүмкіндік берді.
Өткен жылдан бері электронды сынып журналына көшкен мектептер саны 65-тен 320-ға дейін өсті. Облыстағы 11 колледжде «Электронды сессия» жобасы жүзеге асырылуда.
2017 жылы ТжКББ жүйесінің инновациялық әлеуетін арттыру үшін 45 колледждегі 51 мамандық бойынша модульдік білім беру бағдарламалары енгізілді.
«Тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы бойынша 7 мыңнан астам студент оқуды бастады.
Облыстағы екі колледжде қолданбалы бакалавриат енгізілді. Бұл колледждер жоғары мәртебеге ие болды. Биылғы жылы аталған типтегі колледждер саны 6-ға дейін ұялғаятын болады.
11 колледж 19 мамандық бойынша аккредитациядан өтті. Тағы 3 оқу орны аккредитациядан өтуге дайындық үстінде.
Мамандарды дайындау жағдайын жақсарту үшін үш колледж анықталып, олардың базасында биылғы жылы өңіраралық құзыреттілік орталықтары құрылатын болады.
Сонымен қатар, колледждерде халықаралық стандарттар мен озық технологияларды, оның ішінде, WorldSkills, IT, құзыреттілікті есепке ала отырып, жаңа мамандықтар ашылатын болады.
Осы жылдың басынан облыстағы 23 колледжде жан басына қаржыландыруды енгізу басталды.
Денсаулық сақтау
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.
Облыстың денсаулық сақтау саласының алдына қойылған міндетін жүзеге асыруға 2017 жылы 76,4 млрд. теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары.
Медициналық көмек көрсету жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылы денсаулық сақтау саласының 31 нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді. Жалпы алғанда ауруханалар мен емханалардың 35 мың шаршы метріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 3,3 млрд. теңге жұмсалды. Қаржы лизингі және мерзімі ұзартылған төлемдер механизмдерін пайдалана отырып, жалпы сомасы 5,7 млрд. теңгеден асатын 672 медициналық техника сатып алынды.
2017 жылы диспансерлік есепте тұрған науқастарды дәрілермен қамтамасыз ету үшін 8,67 млрд. теңге бөлінді. Сырқат қатары бойынша облыс қажеттілігі 35%-ға қанағаттандырылды.
Осы жылдың бюджетіне қаржы жеткілікті салынды (13,7 млрд. теңге), науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз ету проблемасы шешілетін болады.
Облыс емханаларында медикаменттер төмендетілген бағамен сатылатын 37 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді.
Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін жас мамандарды қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етудің өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы Балқаш қаласындағы жас дәрігерлерге 18 пәтердің кілті тапсырылды. Облыстың өзге өңірлерінде де осындай жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы облыс өңірлерінде барлығы 273 дәрігер жұмысқа орналастырылса, олардың 46-сы – резидентураны аяқтаған.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге адал бәсекелес орта құру үшін, жекеменшік формасындағы, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 56 кәсіпорын тартылды. Жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгені құрайтын 17 жобаны жүзеге асыру үшін шартқа қол қойылды.
4 офтальмологиялық орталық (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш), Шахтинск қаласындағы гемодиализ орталығы, облыс қалаларында компьютерлік және ядролық-магнитті томография кабинеттері жұмыс жасауда.
Биыл облыстық аллергологиялық орталық, Қарағанды қаласында емхана, диагностика кабинеттері ашылатын болады. Сонымен қатар, тағы 10 жобаны жүзеге асыруға кірісу жоспарда, олардың қатарында Саран қаласындағы және Жаңаарқа ауданы, Атасу кентіндегі гемодиализ орталықтары, Жезқазған және Теміртау қалаларындағы нейрооңалту орталықтары, Қарағанды және Жезқазған қалаларындағы балалардың оңалту орталықтары бар.
Бұл медициналық қызмет спектрін кеңейтіп, медициналық көмек қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға көмектеседі.
Аурухана мен емхана жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу белсенді жүргізілуде.
Жұмыс орындарын жабдықтау үшін денсаулық сақтау ұйымдарында 2017 жылы 1,5 мың бірлік компьютерлік техника сатып алынды.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін барлық ұйымдар қосылған өңірлік Кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді.
«ДамуМед» мобильді қосымшасы әзірленді, бұл – емделушінің жеке кабинеті. Ол қабылдауға жазылуға, дәрігерді үйге шақыруға, зертханалық талдау нәтижелерін, рецептерді, еңбекке жарамсыздық парақтарын алуға мүмкіндік береді. Қосымшаны қазірдің өзінде облыстың 60 мың тұрғыны пайдаланады.
Спорт
Облыста 122 дене шынықтыру-сауықтыру клубы, 18 балалар мен жасөспірімдер кешені, 113 аулалық клуб жұмыс істейді. Онда 75 639 адам жаттығады.
Спорттық инфрақұрылым жүйелі дамып келеді. Қазіргі күні 2 896 спорттық нысанның 1 111-і ауылдық елді мекендерде жұмыс істейді.
Өткен жылы өткізілген 8 640 спорттық-бұқаралық іс-шараларға 54 4181 адам қатысқан. Облыс халқының 30%-ы, 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 15,7%-ы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
3 577 мүмкіндігі шектеулі жандар спорттың 28 түрімен шұғылданады.
Қарағандылық 27 мыңнан астам спортшы 7 989 медаль жеңіп алды, оның екі мыңнан астамы – алтын.
Қазақстан Ұлттық құрамасының құрамына өңірдің 1 216 спортшысы енген, 68 мүмкіндігі шектеулі спортшы бар.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Мәселен, өткен жылы екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды. «Қарағанды Арена» мұз сарайының жанынан жаймалы сырғанақ салынуда, Шет ауданы С.Сейфуллин атындағы ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
2017 жылы Қарағандыда спорттық аулалық каратэ клубы салынды, әлі де осындай 15 жобаны іске асыру жоспарда бар.
Сондай-ақ, облыста 28 спорттық аула және 13 көпфункционалды хоккей корты, 5 Street Workout спорттық алаңы орнатылды. Абай қаласындағы «Жігер», Қарағанды қаласындағы «Локомотив» стадиондары және 8 спорт мектебі жөнделді.
«Панель-Центр» аумағындағы Күрес орталығының, Қарағанды қаласындағы жүзу бассейні бар Балалар мен жасөспірімдер сарайының, Жаңаарқа ауданы, Атасу селосындағы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Қарқаралы ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталып келеді. Абай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау үшін қаржы қарастырылды.
Облыс халқы үшін ерекше жаңалықтың бірі – 2017 жылы алғаш рет өткізілген «Арманға жол» марафоны. Оған 5 мыңнан астам адам қатысты, құрамында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Үндістан азаматтары да бар.
«HALF MARATHON KARAGANDA 2018» марафонының жолы Халықаралық марафондар мен жарыстар қауымдастығының сертификатын иеленді. Мұндай шара жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде өткізіліп тұратын болады.
Жастар саясаты
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жастарға қаратып: «ХХІ ғасырды біз, тек, ғаламдық сын-қатерлер дәуірі деп қана емес, сондай-ақ, жас, қуатты және талантты адамдардың уақыты деп атаймыз» деп айтқан болатын.
Облыста 14-29 жас аралығындағы 304 269 адам өмір сүреді. Бұл – аймақ тұрғындарының 22%-ы.
Жастардың белсенділігін арттыру, идеяларын жүзеге асыру үшін облыстық және 19 жастар ресурстық орталығы, жастардың 86 үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді.
Өткізілген 3 мыңнан астам іс-шараға жас буынның 265 мың өкілі қатысты. «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға!» «Жастар практикасы», «Серпін – 2050» жобалары жүзеге асырылуда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, 24 096 жас Жұмыспен қамтудың өнімділігін және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының қатысушысы атанды.
Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды баспанамен қамтудың кешенді жоспары аясында 46 пәтер бөлінді.
Жастардың жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші – 5%-ға тең.
Тілдерді дамыту
2017 жылғы зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгергендер үлесі 76%-ды құрады, ағылшын тілін меңгергендер – 9%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендер саны – облыс халқының 6%-ы.
Жыл бойы барлық өңірлік тілдер орталығында және тілдер курстарында мемлекеттік тілді 2000 адам оқыса, 1300 адам ағылшын тілін оқыды.
«Қазтест» жүйесі бойынша тестілеумен 5000 адам қамтылып, олардың 99%-ы қазақ тілін әртүрлі деңгейлер бойынша меңгергендерін растады. Биыл бұл көрсеткішті 6000 адамға дейін жеткізу көзделген.
Құқық қорғау
Мемлекет басшысының 5 интитуционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы міндеттерді орындау аясында облыстың ішкі істер органдары, өзге өңірлер сияқты, 2016 жылдың басынан құқық қорғауды қамтамасыз етудің жаңа форматына көшті.
Бұл аймақтағы құқық қорғаудың ахуалына оң әсер етті.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, облыс бойынша жалпықылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелу көрсеткіші төмендеп, ұрлық, өзгенің мүлкін қолды қылу, алаяқтық сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар саны азайды.
Қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың көрсеткіші де төмендеді.
Облыстың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны – 8,4%-ға, жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмғандар саны 7,3%-ға азайды. Автокөліктерді ұрлау көрсеткіші де азайды (39,5%-ға).
Бұл ретте, құқық қорғау органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға бағытталған шығын көлемі артты. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен ішкі істер департаментін материалдық-техникалық жабдықтауға 2,5 млрд. теңге жұмсалды. Бұл, 2016 жылмен салыстырғанда, 18 есеге көп.
Облыс әкімінің 2017 жылғы есептік кездесуіндегі ұсыныстармен жұмыс
Қалалар мен аудан әкімдерінің 2017 жылғы есептік кездесулерінде халықтан 470 ұсыныс және ескерту келіп түсті. Олардың негізгі дені абаттандыру мәселесін қамтыды. Санитарлық және экологиялық ахуал бойынша – 99, әлеуметтік сала бойынша – 61, жол және электр қуатымен, байланыспен қамту бойынша – 48 ұсыныс-өтініш.
Солардың ішінде 393 мәселе оң шешімін тапты, 77 ұсыныс жіті бақылауға алынды.
Мәдениет
Мәдениет саласындағы жұмыстарда «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы арқылы біртекті ұлтты қалыптастыруға аса мән берілген.
Осы жоба арқылы республикамыздағы барлық киелі және тарихи-мәдени нысандар бір географиялық белдеуге топтастырылады.
Жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар қатарына – Қарағанды облысынан 21 тарихи-мәдени нысан, қасиетті жерлердің өңірлік деңгейдегі тізіміне 43 тарихи-мәдени нысан енді.
2017 жылы көне металлургия және қола дәуірінің бес ескерткішіне археологиялық-ғылыми зерттеулер, 11 архитектуралық ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Бегазы-Дәндібай дәуірінің 2016 жылы табылған пирамида үлгісіндегі мавзолейі қалпына келтірілді.
Сарыарқалық «пирамида» тарих, археология және мәдениет саласының ескерткіштеріне жасалған ең маңызды экскурсиялық-туристік бағыттар маржандарының бірі болуы ықтимал.
Тарихи, археологиялық, мәдени маңызы бар, танымал жерлерге туристік бағыттарды ұйымдастыру қолға алынды.
Жалпы, жүргізілген жұмыстар өңіріміздегі қасиетті жерлердің тізімін жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Қарағанды облысының ескерткіштері жинағын жарыққа шығарамыз.
Тарихи мұраны дәріптеудің маңызды бағытының бірі – цифрландыру жүйесін енгізу. Бұл – ескерткіштердің веб-сайттардағы 3d суреттері, тарихи-мәдени ескерткіштердің QR-кодтарын құру, сондай-ақ, мұрағаттар, кітапханалар қорын цифрландыру жұмысын жеделдету.
Облыс мұражайлары туристік агенттіктермен бірлесіп, қасиетті жерлерге сапар шегу бағыттарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Ішкі саясат
Аймақтағы ішкі саяси тұрақтылықты, халықтың ауызбіршілігін және қоғамның өзара үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Ішкі саясат саласы тарапынан жүргізілген іс-шаралар қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталды.
2017 жыл «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы, қоғам қайраткері Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Жалпы, облыс бойынша осындай атаулы күндерге арналған және басқа да қоғамдық маңызы бар 3 мыңдай іс-шара өткізілді.
Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық мәселесіне үлкен мән беріледі. Соғыс және еңбек ардагерлерінің, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің кеңестері Қарағанды облысының Кәсіпкерлер қауымдастығы, Қазақстан халқының Ассамблеясы және басқа да қоғамдық институттар өкілдері мемлекеттік саясаттың басым бағыттары талқыланатын кеңестік-жиындық органдардың, тұрақты комиссиялардың жиындарына, дөңгелек үстелдерге үнемі қатысады.
Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, ресми сайттар жұмыс істейді. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстарды халыққа жеткізу үшін баспасөз мәслихаттары өткізіледі.
2017 жылдың басты жаңалықтарының бірі – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы. Құжат «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыруға негіз болды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру үшін облыста жобалық кеңсе, Сараптамалық кеңес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық комиссия құрылды.
Өткен жылы 2,3 млрд. теңгеге осы бағдарламаның 169 жобасы жүзеге асты, оның ішінде, жекеменшік инвестициялар үлесі – 1,8 млрд. теңге. Мәселен, меценаттар көмегімен 74 әлеуметтік нысан салынды және жөндеуден өтті. Бұл – мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, спорттық орталықтар, саябақтар және басқалары.
Биылғы жыл да біздің алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Біз Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға жұмылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуымыз қажет.
Қарағанды облысы – әрқашан мемлекеттің экономикалық және саяси тірегі болып қала береді. Біздің облыс тұрғындары барлық міндеттерді сәтті жүзеге асырып, аймағымызды дамудың жаңа сатысына алып шығарына сенімдімін.