Жаңалықтар

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясына 10 жыл

Биыл Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тексеру комиссиясын құру және оның тәуелсіз және дербес мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін айқындау мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру және нығайту қажеттігімен ерекшеленді. Дәл осы жылдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай кешенді жүйесі қалыптасты, халықаралық стандарттар бойынша жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне көшу жүзеге асырылды, аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің қазіргі заманғы нысандары мен әдістері енгізілді, заңнамалық және әдіснамалық база жетілдірілді, кадрлық әлеует құрылды. Қалыптасудың күрделі жолынан өтіп, үлкен жұмыс атқарғаннан кейін, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы оның бірінші басшысы Серік Балғатайұлы Өтешовтің басшылығымен бюджет қаражатын пайдалануды қорғауда тұрған және мемлекеттік аудит органдары арасында лайықты орынға ие болған пәрменді, нәтижелі, сұранысқа ие бақылау органы ретінде өтті.

Тексеру комиссиясының құрамы көп жылдық тәжірибесі бар және экономика, қаржы, құрылыс салаларында жұмыс істеу дағдылары бар білікті қызметкерлерден қалыптастырылды, бұл өз кезегінде қалыптасу және даму жылдарында қойылған міндеттерді тиімді және сапалы орындауға мүмкіндік берді.

Тексеру комиссиясының дамуына оның ардагерлері Алмагүл Тайманқызы Өсерова, Құралай Мадешқызы Бекмағамбетова, Владимир Федорович Самойлюк, Жаролла Ысқақұлы Ысқақов, Светлана Александрована Сарзунова, Серік Жұматайұлы Жұматаев, Қарығұл Жекеев елеулі үлес қосты.

Тексеру комиссиясының атқаратын функциялары мен өкілеттіктері оның қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейіне, іскерлігіне және дағдыларына, оның ішінде халықаралық практика бойынша да жоғары талаптар қояды. Осылайша, CIPFA халықаралық сертификаттарының жалпы санынан қызметкерлердің 74%-ы бар, бұл ретте сертификатталған қызметкерлердің үлесі жалпы санының 76% құрайды.

Тексеру комиссиясының қызметкерлері Түркия Республикасы және Иран Ислам республикасы сияқты елдерде баға жетпес білім мен жұмыс тәжірибесін алды. Практикалық тәжірибе алу үшін тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің аудиторлық іс-шараларына қатысуға тартылады. Сондай-ақ, басқа тексеру комиссияларымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жасалды.

Тексеру комиссиясы 10 жыл ішінде 1789 объектіде 1512 млрд. теңге мөлшеріндегі мемлекеттік қаражатты қамти отырып, 237 аудиторлық және сараптамалық талдау іс-шараларын өткізді, олардың нәтижелері бойынша 183 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды, қабылданған шаралармен 98 млрд. теңге мөлшерінде бюджетке қайтаруға жататын сома өтелді/ қалпына келтірілді, 1672 тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл сандардың артында тексеру комиссиясының барлық кәсіби командасының күнделікті және үйлесімді жұмысы жасырылады. Өкілді және атқарушы билік орындарымен, құқық қорғау органдарымен, жетекші жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу жөнге салынған. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалымен, экономикалық тергеу қызметімен және басқа өңірлердің тексеру комиссияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың Жоғары органы ретіндегі тексеру комиссияларының қалыптасуы мен дамуындағы рөліне ешкімнің күмәні жоқ. Жоғары органның іс-қимылдарының стратегиялық бағыттылығының, тәжірибе алмасудың, аудит рәсімдері мен стандарттарын үйлестірудің, жалпы қағидаттар мен ұсынымдарды әзірлеудің арқасында аудиторлық іс-шараларды жүргізу неғұрлым жоғары және нәтижелі деңгейлерде жүзеге асырылады. 10 жыл өткеннен кейін, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде өз орнын нық алды, қол жеткізген жетістіктерімен тоқталмай, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қалыптастырудың және пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етуде бұдан былайғы күш-жігердің қажеттілігін терең ұғына отырып, болашақты нақты сеніммен жоспарлайды.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Back to top button