Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінде – жаңа басшы
Абзал Жұпарұлы Рахымбаев Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Абзал Рахымбаев мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік бөлімінде экономиканың нақты секторы бойынша бас маман, кейін осы бөлімнің әлеуметтік-экономикалық даму секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Әр жылдары Қарағанды қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі мен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары, Қарағанды облысының Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары болды.
2025 жылдың шілде айынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.