Жаңалықтар

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды

Құрметті қарағандылықтар!

Сіздерді мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі.

Осыдан 30 жыл бұрын дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар үш онжылдықта жүзеге асты.

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.

Нұрсерік ШӘРІПОВ,

Қарағанды облыстық сотының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button