Ресми

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары туралы

19 наурыз күні Қарағанды облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 761673 азамат енгізілді. Дауыс беруге 452 538 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 417 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 6115 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы 231 843 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 51,67  проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 57998 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының _12,92 проценті;

«Respublica» партиясы 27 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының _6,08  проценті;

Қазақстан Халық партиясы – 46790 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,43  проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 27590 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының _6,15  проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 48323 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,77 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлаубюллетеньдер саны 8905. 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы – 10;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2;

«Respublica» партиясы – 1;

Қазақстан Халық партиясы – 2;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2;

                                     Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button