Ресми

Қарағанды облыстық экология департаментінде кадрлық өзгерістер

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің бұрынғы басшысы Қанат Мусапарбеков Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың бұйрығы негізінде Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ал, қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін Дархан Исжанов атқаруда.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Қанат Жантұяқұлы Қарағанды қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып қызмет атқарған болатын.

ҚР Президентінің Жарлығымен: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  20 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен «Құрмет» Орденімен марапатталды.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button