АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды мектептерінің медициналық пункттерінде балаларға мерзімі өткен дәрілер берілген

Қарағанды облысының мектептерінде облыстық Прокурорлық тексеру барысында медицина саласы бойынша заңбұзушылықтар анықталды.

Сурет: naukograd-dubna.ru

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

– Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.
Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқықтары қорғалды, – дейді облыстық прокуратура мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button