Жаңалықтар

Қарағанды медицина университетіне жаңа ректор тағайындалды

Қарағанды медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова тағайындалды. Оның кандидатурасы Республикалық комиссияның отырысында айқындалды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Бақыт Көшерова – жоғары санатты инфекционист дәрігер. Денсаулық сақтау саласындағы өтілі – 35 жылдан астам, оның ішінде 30-ы – медициналық білім беру саласында, 20-дан астамы – басшылық лауазымдарда.

Ол – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс инфекционисі, ҚР ДСМ Сапа жөніндегі біріккен комиссиясының клиникалық хаттамалар комитетінің басшысы, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары және Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) халықаралық сарапшысы.

Басқа материалдар

Back to top button