Қарағанды ұландары жаңа оқу кезеңін бастады

04 қаңтар күні Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінде жаңа қысқы оқу кезеңі басталды. Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамымен алғашқы мемлекеттік-құқықтық дайындығы сабағын өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбековпен бірлесе онлайн түрде Ұлттық ұланның Бас штабының бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов өткізді.

Жаңа оқу кезеңі әрбір әскери қызметші үшін маңызды, себебі осы кезеңнен бастап әскерилермен теориялық, практикалық күйде мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік, кәсіби-лауазымдық дайындығы сабақтары өткізіледі. Алғашқы сабақтарды жеке құрамдарына алғы болып әскери бөлімдердің командирлері өткізді, дейді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі басқармасының бастығы полковник Серікбол Әденқұлов.

Айта кетерлік, аталмыш оқу кезеңінде әскерилердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ететін пәндер бойынша, әрбір сатыдағы әскери қызметшілермен жарты жылғы жоспарларды толық және сапалы орындау жоспарлануда.