Жаңалықтар

Колониядағы тәртіпсіздіктер үшін қылмыстық-атқару жүйесінің 20-ға жуық қызметкері жазаланды

Ақпан айында Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қараған кентіндегі қатаң режимдегі колонияда сотталғандар арасында жанжал орын алып, сотталушылар камераластарының біріне өткір затпен 20-ға жуық жарақат салған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Сурет:soltustikkaz.kz

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басшысы Бекболат Шәкіровтың айтуынша, кісі өлтірді деген күдіктілер өз кінәларын мойындаған.

– Қақтығысты режимді әлсіретуді мақсат еткен теріс ойлы сотталғандар бастады. Тергеу барысында олар өз кінәларын мойындады. Сонымен қатар, олардың бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Осы оқиға үшін 18 лауазымды тұлға, оның ішінде мен де тәртіптік жауапкершілікке тартылдым, – деді Бекболат Шәкіров.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы жанжал шығарғандар бірнеше рет жасаған аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқанын атап өтті. Басты күдікті 2032 жылға дейін сотталған. Енді оның негізгі жазасына қосымша 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қосылуы мүмкін.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button