АймақЖаңалықтар

Қарағанды көшелерінің бірінде екі көлік толығымен өртеніп кетті

Өрт кеше түскі уақыт шамасында болған. Абай көшесінде екі бірдей көлік отқа оранып, толығымен өртеніп кеткен.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Сурет: ТЖД

– 12 мамыр сағат 14:35-те Абай көшесінде екі көлік: Hyundai Starex және Lada Granta жалпы алаңы 6 шаршы метрді құрап, өртенді. Сондай-ақ жоғары температура тұрақта тұрған Nissan X-Trail көлігінің бояуы мен пластик бөлшектерін зақымдады. Өрт сағат 14:55-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері, атап айтқанда жеке құрамнан 10 адам мен екі техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Департамент барлық тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button