Бас тақырыпЖаңалықтар

«Қарағанды кәмпиттері»: фабрика жұмысы қайта жанданбақ

Бұл туралы аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қарағандылық журналистермен кездесуде мәлім етті. Облыс әкімінің айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын жабылып қалған кондитерлік фабриканы Пришахтинскіде 23 гектар аумақта қайта салу жоспарланып отыр.

Сурет: “Қарағанды кәмпиттері” facebook парақшасы

Құны 200 миллион долларға жуықтайтын жобаға Австрия мен Швейцария компаниялары қатысады деп күтілуде.

– Біз бүгін акционерлермен сөйлестік. Қазіргі уақытта Пришахтинск ауданында 20 гектардан астам жерді белгілеуді көздеп отырмыз. Бір айдың ішінде бұл мәселелерді шешеміз. Бұл қаланың ірі жобаларының бірі болмақ. Акционерлер ішкі нарыққа шығып қана қоймай, экспортқа да баса назар аударуға ниетті. Бұл ретте экспорт Араб елдеріне бағытталады деп жоспарланып отыр. Себебі сұраныс бар. Сондықтан мұның барлығы егжей-тегжейлі пысықталатын болады,- деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button