Руханият

Қарағанды көгінде ән қалықтап…

Қарағанды жұрты ақын Вера Голобородьконы жақсы біледі. Қалам ұстаған жан ақынның нәзік жүрегінен шыққан өлеңдерін бірден жазбай таниды. Тіпті, сөзіне жазылған әндерін әр кеште ән сүйер қауым тебіреніп шырқайды. Оқырмандары сағынса керек, ақынын ортаға алып, шығармашылық кешін өткізді. Кеш қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Вера Александровна – төрт кітаптың, әрі алты поэзия жинағының авторы. Сонымен қатар, ақынның «Не говори мне ни о чем», «Меня никто так сильно не любил», «Зачем мне ты сказал?» және «Детство» атты туындыларына ән жазылған. Одан бөлек, «Мой бульвар» атты туындысынан вальс ырғағындағы тамылжыған ән дүниеге келді.

Кеш шымылдығын ақын «Менің Қарағандым» поэмасымен ашты. Ақынның бірінші кітабы 2012 жылы «Душа ранима, что греха таить» атауымен жарыққа шыққан болатын. Бұл кітапта автор өміріндегі барлық естеліктерін жырмен өріп, басып шығарыпты. Осы кітабы жайлы іс-шара барысында автор кеңінен тоқталып, кітаптағы «Молитва», «День начинается с утра», «Любое дело надо делать честно» атты туындыларын оқырмандарына оқып берді.

Сонымен қатар, қаладағы №85 мектеп оқушысы Полина Ермолова ақынның «Моя отчизна» атты туындысын жатқа оқыды. Оқушылар сарайының «Созвездие» вокал тобы ақынның сөзіне жазылған «Детство» әнін шырқады. 2016 жылы шыққан «Жизнь. Любовь. Судьба» атты кітабынан алынған жыр топтамасын мектеп оқушылары көпшілік алдында жатқа оқыды.

Вера Александровнаның поэзия кітабынан бөлек, 2021 жылы «В поисках истины» атты проза бағытындағы кітабы шыққан болатын. Бұл кітапта автор өзінің басынан өткен оқиғасын баяндайды. Бұдан кейін 2021 жылы осы бағытта жазылған «Не забывайте о войне» атты кітабы жарық көрді.

Ерік НАРЫН,
Қарағанды
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button