Жаңалықтар

Қарағанды өңірлік гарнизонында қылмыстық жауапкершілікке қатысты айлық өтіп жатыр

Қарағанды өңірлік гарнизонында әскери қызметшілер тарапынан құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қылмыстық жауапкершілікке қатысты айлық өткізілуде. Шараға барлық санаттағы әскери қызметшілер қатысады.

 

Аталмыш шараны әскери полиция басқармасы мен ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарасты қызмет көрсетілетін әскери бөлімдер бірлесе ұйымдастыруда. Әскери қызметшілер қызмет орнын өз бетінше тастап кету, сондай-ақ әскери мүлікті жымқыруға қарсы қылмыстық жауапкершілігі түсіндіріліп, профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Әрі әскери бөлімдердің қолбасшылығымен бірлесе жанар-жағармайдың ұрлану фактілерінің алдын алу мәселесін талқыға салып, бақылау шараларын ұйымдастырды. Іс-шара аясында әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленді. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.

– Бүгінгі таңда Қарағанды гарнизоны әскери полиция басқармасының қызметкерлерімен, әскери бөлімдер мен мекеме басшылығымен бірлесе ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, гарнизондағы әскери қызметшілерімен әскери мүлік, қару-жарақ тақырыбында семинар-жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дәріс-әңгімелер және тағы басқа профилактикалық жұмыстар атқарылуда, – деді Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button