Жаңалықтар

Қарағанды хайуанаттар бағы ламалар мен камерундық ешкілермен толықты

Қарағанды хайуанаттар бағы бұрын-соңды саябақ коллекциясында болмаған жаңа жануарлар партиясымен толықты. Хайуанаттар бағына  6 камерундық ешкі мен кішкентай ламалар   Қытай мен  Чехиядан әкелінген.

Сурет: хайуанаттар бағының әкімшілігінен алынды

– Біз 6 камерундық ешкі сатып алдық. Олар Қытайдан Алматы арқылы келді. Ешкілердің төртеуі – ұрғашы, екеуі – еркек. Олар ерекше жануарлар. Біз сондай-ақ Чехиядан  5 лама сатып алдық.  Бұрын бізде  бұндай жануарлар болған емес. Қазіргі таңда  бейімделу жүріп жатыр, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі алдағы уақытта да  жаңа, ерекше жануарларды сатып алу жоспарда бар екенін айтады. Оған жаңадан салынған ғимарат зоологиялық саябақтың коллекциясын толықтыруға толық мүмкіндік береді екен.

– Биыл хайуанаттар бағы үшін жаңа, ерекше жануарларды сатып алу жоспарда бар.  Маймылдардың, ерекше бақалардың, тасбақалардың жаңа түрлерін сатып алу жоспарлануда. Бізде жануарларға толы жаңа, әдемі, ыңғайлы ғимарат бар, осының бәрі қарағандылықтарды қызықтырады деген ойдамыз, – дейді хайуанаттар бағының әкімшілігі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button