АймақЖаңалықтар

Қарағанды диірмен кешенінде астық өртенді

Жалын алдымен астық контейнеріне жайылып, кейін ғимараттың өзіне тараған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше оқиға кеше түс мезгілінде болған. Жалпы ауданы 52 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 49 адам мен 16 техника жұмылдырылған.

Сурет:ТЖД

– 24 маусым, сағат 12:45-те Қарағанды қаласы, Потанин көшесі, 108, диірмен кешенінде жалпы ауданы 52 шаршы метр үш аумақта ұн тарту зауытының ғимараты өртенді. Өрт сағат 14:01-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button