АймақЖаңалықтарРуханият

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында үш күндік көрме-жәрмеңке өтеді

Қарағанды облысының қолөнершілеріне қолдау көрсету, қазақтың ұлттық-рухани мәдениетін, сондай-ақ қолөнер өнерін насихаттау мақсатында облыстық бейнелеу өнері мұражайында (Бұқар жырау даңғылы, 76) «Колонер – рухани жан серігің» атты үш күндік көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Сурет: бейнелеу өнері мұражайынан

28-ақпан мен 2-наурыз аралығында өтетін шара Наурыз мейрамына арналған іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Көрме-жәрмеңке барлық күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, қонақтар үшін кіру тегін.

Көрмеге қарағандылықтармен қатар Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарының, сондай-ақ Ұлытау өңірінің қолөнер шеберлері де өз жұмыстарын ұсынады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button